«Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалының мәліметіне сәйкес, 24 наурыз сағат 20.00 бастап 25 наурыз сағат 20.00-ге дейін Атырау облысының аумағында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші түнде басым бөлігінде 15-20 м/с-тен екпіні 23 м/с дейін, күндіз екпіні 15-20 м/с болуы ыктимал.
Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:
Көктайғақ кезіндегі сақтық шаралары:
- жүргенде әр қадамыңызды нық басып, асықпай жүріңіз. Асыққан кезде қауіп күшейіп, адам тайып құлауы, сүрініп кетуі әбден мүмкін.
-қолыңызда зат болмағаны жақсы. Егде адамдар басында резеңкесі бар таяқ ұстағаны абзал.
-мұзда тайып құламау үшін әуелі биік өкшелі аяқ киім емес, мұндай күндері табаны жұмсақ, таймайтын аяқкиім кигеніңіз дұрыс.
-былғары мен пластик табан сырғанақ келеді. Аяқкиіміңіз тым тайғақ болса, оған поролон, пластырь, изолента жапсырып алуға болады немесе астын құммен ысқылау керек.
Қатты жел кезіндегі сақтық шаралары:
- егерде сіз көшеде қатты желге тап болсаңыз, ғимараттар мен құрылыстарды паналау кажет. - қатты желден үйлердің қабырғаларына жақын тығылмаңыз, өйткені шифер және басқа да шатыр материалдары шатырлардан құлап кетуі мүмкін.
- жоғарғы қабаттың терезелерінен құлаған әйнек, сондай-ақ желмен жыртылған шатыр элементтері қауіпті болуы мүмкін.
Осы секілді ережелерді қатаң ұстану арқылы жақындарыңызды және өзіңізді қауіпсіз жағдайда ұстай аласыз.