Меню

Страницы

Статья

Іздестірілуде…

2021 жылдың 11 наурызы күні Исатай аудандық Полиция бөлімінің қызметкері Қ.Мақсотовтан Исатай ауданы, Х.Ерғалиев ауылдық округі, Жасқайрат ауылына қарасты «Бекетай» қыстағынан «Сахипова» ШҚ-ның малшысы 1960 жылы туған аз. Шамиев Алтай 10 наурыз күні 15 сағат 30 минутта мал бағып шыққаннан кері оралмағандығы туралы хабарлама келіп түсті.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық бөлімшелерімен іздестіру жұмыстары 2021 жылдың 11 наурызы сағат                 22-30-дан бастап басталды.

Жұмылдырылған іздестіру тобының күшімен Қазбек, Дос ата, Омар, Хасен, Мырзақұл, Тұяқ ағаш, Мұса ағаш, Нарөлген, Бекетай, Аққұдық, Ерғали, Папина ағашы, Есен қара, Қаңбақты, Бекайдар қыстақтарына іздестіру жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күнге дейін радиусы 150-200 шақырымды қамтитын жерлерде  іздестіру жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 16 наурызы күні  «КазАвиаҚұтқару» АҚ-ы Батыс Атырау филиалының тік ұшағы жұмылдырылып, Индер ауданының Қосжыңғыл, Жылқауыл, Қоштай қыстақтарын қамти отырып, шекаралас орналасқан Батыс Қазақстан облысының Жаңқала ауданына дейін  жоғарыдан ұшу арқылы іздестіру жұмыстары жүргізіліп, ешқандай нәтиже бермеді. Тік ұшақ жұмылдырылған бұл іздестіру радиусы 180 шақырымды қамтыды. 

Іздестіру жұмыстарына: Исатай аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен 4 бірлік жеке құрам, жол талғамайтын 1 бірлік «ТРЭКОЛ» автокөлігі, аудандық Полиция бөлімінен 2 бірлік «НИВА» автокөлігімен, 6 бірлік қызметкер,  туыстарынан 9 адам, 2 бірлік техника және тік ұшақ пен «ДРОН» ушу аппараты жұмылдырылды.

Іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Дата публикации
18 марта 2021
Дата обновления
18 марта 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Төтенше жағдай қызметі хабарлайды
10 февраля 2024
🔴Назар аударыңыз: жолдың жабылуы!
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Жедел ақпарат
21 ноября 2023
2023 жылғы 22 қараша күніне дауылды ескерту

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы