10.03.2021 жылы Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне Атырау қаласының тұрғынынан 1967 жылы туған Уразалиев.Т. атты азаматтың 6 наурызда сағат 19-00-де үйден жұмысқа шығып, осы уақытқа дейін қайтып оралмағандығы туралы өтініш келіп түсті..
Уразалиев.Т. "WDC" ЖШС-де күзетші болып жұмыс істейді.
10.03.2021 жылы Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел құтқару жасағының 7 қызметкері, 4 кинологиялық есеп және 4 бірлік техникасы және еріктілермен (4 адам және 2 бірлік техника) бірлесіп Бірлік, Ақсай, Жұлдыз-3 елді мекендерінде іздестіру жұмыстарын бастады.
Тәуліктің қараңғы мезгілінің басталуымен байланысты іздестіру жұмыстары тоқтатылып, 11.03.2021 жылғы сағат 08:00-ден бастап іздестіру жұмыстарына Департаменттің Жедел құтқару жасағының 10 қызметкері, 3 техника, (оның ішінде 2 кинологиялық есеп) және 10 туыстары жұмылдырылды.
Іздестіру жұмыстары жалғасуда.