2020 жылғы 6 қаңтарда сағат 09:24 минутта Атырау қ. Бірлік-2 ықшам ауданында Тұмар Ханым көшесінің бойында орналасқан "Айлин" азық-түлік дүкенінің жанып жатырғандығы туралы хабар түсті.
Шақырту орнына өрт сөндіру бөлімдері барған кезде Тұмар Ханым көшесінің бойында орналасқан ауданы 22х6 болатын "Айлин" азық-түлік дүкенінің толықтай жанып жатырғандығы және өрт дүкенге жалғанып салынған уақытша тұрғын үйге (10х6) ұласқандығы анықталды.
Өрт сағат 10:23 минутта оқшауланып 10:30 минутта толықтай жойылды.
Өрт салдарынан азық-түлік дүкені толықтай өртеніп кетті, уақытша тұрғын үй бүлінді. Өрт кезінде 50л оттегі баллоны шығарылды.
Жалпы ауданы 132 шаршы метр, жану аумағы 72 шаршы метрді құрады, ал бүлінген аумақ 60 шаршы м.
Өрттің себебі анықталуда.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге 4 бірлік техника мен 22 жеке құрам жұмылдырылды.
Құрметті Атырау облысының тұрғындары! Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаңыздар!
Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы