Атырау облысындағы автокөліктердегі өрттер тұрғын үй секторындағы өрттерден кейін екінші орын алады. Көлік құралының жануға жол бермеу-барлық автокөлік иелерінің міндеті. Ағымдағы жылдың 6 айында автокөліктегі 40 өрт оқиғасы тіркелді (2019 жылы – 43 өрт). Автокөліктегі өрттердің негізгі себептері көліктердің техникалық ақауынан және қозғалтқыш бөлігінің тоқ сымдарының қысқаша тұйықталуынан болады, сол себепті автокөлік жүргізушулеріне көліктегі тоқ сымдарына назар аудару маңызды екенін ескерген жөн. Көліктегі өртті болдырмауға және қауіптің орын алуын төмендетуге болады. Ол үшін, жүргізушілер автокөлікті уақытында техникалық тексеруден өткізіп және техикалық жай-күйін бақылап отыруы қажет.
Ең алдымен әрбір автомобильде жарамды өрт сөндіргіш болуы керек. Өрт сөндіргіш қажет болған жағдайда оны барынша тез және қысқа мерзімде өрт ошағын сөндіруге кірісу үшін оңай қол жетімді жерде болуы тиіс. Өрт сөндіргіш көлік құралын басқарудан қозғалыс кезінде жүргізушіні алаңдатпауы тиіс. Яғни, өрт сөндіргіш міндетті түрде сенімді және мықты бекітілуі тиіс. Өрт сөндіргіштің жағдайын үнемі тексеріңіз. Онда майысқан және ісіну болмауы керек. Баллон қызып кетпеуі тиіс, бүріккіш еркін қозғалуы тиіс, ал оның элементтері деформацияланбауы тиіс. Кез келген өрт сөндіргіштің жарамдылық мерзімі төрт жылдан аспайды, пломба сақталуға тиіс. Осы қарапайым шарттардың кез келген бұзылуы құрылғыны ауыстыру үшін себеп болып табылады. Сонымен қатар, өрт сөндіргіштің автокөлікте орналасуын ұмытпау керек. Баллонды жүк салғышқа лақтырудың қажеті жоқ. Өрт сөндіргішті салонға бекітіңіз, алайда қауіп туындаған жағдайда оған оңай жету үшін тым алысқа жинамаңыз. Өрт сөндіргішті пайдалану жөніндегі нұсқаулықты елемеуге болмайды. Төтенше жағдайға дейін бірнеше минут бөліп оқу және пайдалану ережелерін есте сақтау керек. Жану белгілері — түтін, жалын немесе біртүрлі иістер байқалса, автомобильді дереу тоқтатып, электр тізбегін сындырыңыз. Барлық жолаушылар денсаулығына және өміріне зиян келтірмеу үшін көлік құралынан кетіп қалуы тиіс. Олардың міндеті айналадағы жүргізушілердің назарын аудару.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып және қауіп жағдайында бір-бірілеріңізге көмектесе отырып, сіз тек қана автомобильді ғана емес, сонымен қатар жол қозғалысына қатысушылардың өмірін де сақтайсыз.
Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің
Зілзалалар қауіп-қатерін азайту және
азаматтық қорғау саласындағы бақылау
басқармасы