Дауылды ескерту....
2023 жылғы 10-13 тамыз аралығында Атырау облысында 40-42 градус өте қатты ыстық күтіледі.
Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қатты ыстық кезіндегі сақтық шаралары:
- далалық жерлерде, саяжай алқаптарында сөндірілмеген сіріңкелерді, темекі тұқылдарын, бықсыған шүберектерді тастамаңыздар.
- далалық жерлерде, саяжай алқаптарында, майланған немесе бензин, керосин, өзге де жанғыш заттар сіңген сүрту материалдарын қалдырмаңыз.
- қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде машинаның жанармай багын жанармаймен толтырмаңыз.
- күн сәулесіне қаратып бөтелкелерді немесе әйнектің сынықтарын қалдырмаңыз, олар күн сәулелерін бойынан өткізіп, отты линзалар сияқты жұмыс істей алады.
- саяжай құрылыстарының жанында от жақпаңыз.
- далалық жерлерде, саяжай алқаптарында темекі шегуден бас тартыңыз.
Егер Сіз жануды байқасаңыз:
- жанудың күш алуына және таралуына жол бермеуге тырысыңыз.
- жану ошағын өз күшіңізбен жоюға тырысып көріңіз, егер мүмкін болмаса дереу «112», «101» нөмерлеріне қоңырау шалыңыз.
Құрметті тұрғындар Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті қауіпсіздік талаптарын сақтап жүруге шақырады!
Атырау облысы ТЖД
Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімі