Меню

Страницы

Статья

Суға батушыларды қалай құтқарады?

Жедел-құтқару жасағының басты міндеті - судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және оларды төмендету. Ол үшін олар күн сайын рейдтер өткізіп, қала тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Бұл жолы Полиция департаментімен бірлесіп рейд өткізіп, құтқарушылар суға батушыларды қалай құтқару керектігін көрнекі түрде көрсетуді шешті. Олар аздаған оқу-жаттығуларды ұйымдастырып, төтенше жағдайды бағалап, көптеген адамдарды ақпараттандыру үшін құтқарушыларға республикалық және аймақтық теледидардың түсіру тобы қосылды.

Сценарий бойынша Тұрғындар қалашығы ауданындағы «Малибу» жағажайы жанындағы моторлы қайықта рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында Жедел құтқару жасағының құтқарушылары өзеннің ортасында суға батып бара жатқан 2 адамды байқады. Құтқарушылар қайықпен жақындағанда олардың біреуі суға кетті, ал екінші адам үрейге түсіп, көмекке шақыра бастады.

Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, құтқарушылардың бірі радиостанцияны пайдалана отырып, болған жағдай туралы жедел медициналық жәрдем және полиция қызметкерлерін хабардар ету үшін Жедел құтқару жасағының кезекшісіне дереу баяндады. Одан кейін құтқару шеңберін қолданып, зардап шеккен адамды қайыққа көтеріп, жағаға шығарып қажетті көмек көрсетті.

Екінші кезеңде 3 адамнан тұратын сүңгуірлер тобы, 2-ші сыныпты сүңгуір іздеу жұмыстарын жүргізу үшін су астында түсуді жүзеге асырды. Су астында түсуді қамтамасыз етуді 1 және 3-сыныпты сүңгуірлер жүзеге асырды.

Су астында сәтті жүргізілген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 2-ші сыныпты сүңгуір А. Сарсенбаев суға батып кеткен адамның денесін судан шығарып алады.

         Оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығы азаматтық қорғау полковнигі Жұманов Абдулқапар Жақсылықұлы және жедел-құтқару жасағының басшысы Құмашев Самат Ғалымжанұлы 2020 жылғы суға шомылу маусымына дайындық туралы өз сұхбаттарында айтып өтті, ал жұмыстың қыр-сырын жедел-құтқару жасағының сүңгуір-құтқарушысы Е. Ж. Әміржанов айтып, журналистерді қызықтыратын сұрақтарға жауап берді.

Дата публикации
09 июня 2020
Дата обновления
09 июня 2020
Тип
Ережелер мен рәсімдер

Сейчас читают

Төтенше жағдай қызметі хабарлайды
10 февраля 2024
🔴Назар аударыңыз: жолдың жабылуы!
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Жедел ақпарат
21 ноября 2023
2023 жылғы 22 қараша күніне дауылды ескерту

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы