🔊Дауылды ескерту 🔊
2022 жылғы 15 қарашада Атырау облысы бойынша: түнде облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (көбіне қар), көктайғақ күтілуде. Солтүстік-батыстан 9-14, облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-5 аяз, күндіз 3 градус аяз-2 градус жылы.
Атырау қаласы бойынша көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Жел солтүстік-батыстан 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы.
ТЖЖБ бас маманы
азаматтық қорғау капитаны
Е. Габитов