Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің
2026 жылғы 1 тоқсан ішіндегі құжатайналымы және «е-Өтініш»
ақпараттық – жүйесі бойынша ақпарат
(2025 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда)
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі - Департамент) Регламентіне сәйкес Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту бөлімімен Департаменттің 2026 жылдың 1 тоқсан ішіндегі (2025 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда) құжатайналымының кіріс, шығыс құжаттар санына, түрлеріне, сонымен қатар «е-Өтініш» ақпараттық – жүйесіне келіп түскен жолданымдарға талдау жасалды.
Талдау қорытындысымен Департаменттің жалпы құжатайналымы 2025 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда (+19,6%) пайызға яғни (+1179) құжатқа көбейді, 2026 жылдың 1 тоқсаны ішінде Департаменттің жалпы құжат айналымы 6005 құжатты құрады, (2025ж. - 4826).
Оның ішінде: Кіріс құжаттар - 2929, (2025 ж. -2782 ), яғни +5,3%. Шығыс құжаттар – 1856, (2025ж.-1759), яғни +5,5%. Дирорд - 36, (2025ж.-17), яғни + 100%. «ҚБП» белгісімен хаттар - 53, (2025ж. -66), яғни +19,7%. Ішкі кіріс және шығыс құжаттары – 1220, (2025 ж. – 953), яғни + 28% құрайды.
Сонымен қатар 2022 жылғы 18 қазандағы №5 ҚР ТЖМ Алқа қаулысының 9-тармағы 1), 2) тармақшалары бойынша құжат айналымды оңтайландыру және қысқарту мақсатында ақпарат алмасу қызметтік электрондық пошта және МОИП арқылы жолдану жүзеге асырылуда.
Ай сайын жалпы құжат айналымның облыс бойынша жиынтық есептері ҚР ТЖМ ҚҚЕж/еМТДД-не МОИП арқылы жолдануда.
Департаменттің «е-Өтініш» ақпараттық – жүйесіне жүргізілген талдау барысында есепті кезең ішінде барлығы 474 (2025ж.-202),+ 100%, өтініш келіп түсті. Оның ішінде: Департаменттің құрылымдық бөлімдеріне – 326 (2025ж.-144), Атырау қ. ТЖБ – 113 (2025ж.-35), Жылыой ауданының ТЖБ – 8 (2025ж.-8), Индер ауданының ТЖБ – 6 (2025ж.-4), Исатай ауданының ТЖБ – 5 (2025ж.-4), Құрманғазы ауданының ТЖБ – 2 (2025ж.-1), Қызылқоға ауданының ТЖБ – 6 (2025ж.-2), Мақат ауданының ТЖБ –4 (2025ж.-3), Махамбет ауданының ТЖБ – 4 (2025ж.-1).
Өтініштердің түрлері бойынша құрылымы келесідей: арыз- 164 (2025ж.-129), шағым-23 (2025ж.-8), ұсыныс-6 (2025ж.-6), өзге де (хабарлама, сұраныс, үн қосу)-281 (2025ж.-59) тіркелген.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ай сайын Н-2 МО жиынтық есебі және тоқсан сайын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша стат есептер ҚР ТЖМ ҚҚЕж/еМТДД-не МОИП арқылы жолданды.
2026 жылғы 1 тоқсан қорытындысымен мерзімі бұзылып қаралған өтініштер тіркелген жоқ.
Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту бөлімі
06.04.2026ж.