АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Атырау облысының аумағында 2025 жылдың наурыз айында орын алған төтенше жағдайлар фактілері бойынша
2025 жылдың наурыз айында облыс аумағында 86 (2024 ж. - 78) табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар тіркелді, 2024 жылмен салыстырғанда – +10,2% көбейді.
Бұл ретте есепті кезеңде төтенше жағдайлар салдарынан 10 адам зардап шекті, 2024 жылмен салыстырғанда (2024ж.-11 адам) - -10% азайып отыр, оның ішінде қаза болғандар -3 (2024ж. -7), қаза болғандар саны –-57,1%азайды.
Материалдық шығындар жоқ.(2024ж.- 0) тұрақты.
Техногенді сипаттағытөтенше жағдайлардың саны 83(2024ж.-73) жағдайды құрады (ТЖ жалпы санының 96,5%), 2024 жылдың салыстырмалы кезеңімен техногендік ТЖ саны +13,7%көбейді.
Зардап шеккендер - 10 адам (2024 ж.-11), қаза тапқандар -3 (2024 ж. - 6).
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың саны 3 (2024ж.- 5)
(ТЖ жалпы санының 100%), 2024 жылдың салыстырмалы кезеңімен табиғи ТЖ саны 40% азайды.
Зардап шеккендер жоқ (2024ж. -1), қаза тапқандар жоқ (2024ж. -1).
Төтенше жағдайлардың өзгеріс динамикасы және салдары төмендегідей:
- жалпы өрт саны 7 жағдайға көбейді;
- жалпы төтенше жағдайлар саны 8 жағдайға көбейді;
- жалпы зардап шеккендер саны 10%азайды;
- жалпы қаза болғандар саны 57,1 %азайды.
Тіркелген ТЖ санын облыстың қала, аудан аумақтарына бөлетін болсақ, ен көп төтенше жағдайлар саны Атырау қаласында –61,6% (53); Жылыой ауданы-11,6%(10); Қызылқоға ауданы –2,3%(2); Құрманғазы ауданы-7% (6); Индер ауданы –3,4% (3); Мақат ауданы– 2,3% (2); Исатай ауданы - 4,6%(4) Махамбет ауданы-7% (6);
2025 жылдың наурыз айының ТЖ саны, зардап шеккендер мен қаза болғандар, аудандар бойынша МӘЛІМЕТ
|
Қала, аудан атауы |
жалпы өрт саны |
жалпы ТЖ саны |
жалпы ТЖ алғанда % |
зардап шеккендер |
оның ішінен қаза болғандар
|
|
Атырау қаласы |
46 |
53 |
86,7 |
10 |
2 |
|
Махамбет ауданы |
6 |
6 |
тұрақты |
- |
- |
|
Индер ауданы |
3 |
3 |
тұрақты |
- |
- |
|
Исатай ауданы |
4 |
4 |
тұрақты |
- |
- |
|
Құрманғазы ауданы |
6 |
6 |
тұрақты |
- |
- |
|
Мақат ауданы |
2 |
2 |
тұрақты |
- |
- |
|
Жылыой ауданы |
9 |
10 |
тұрақты |
- |
1 |
|
Қызылқоға ауданы |
2 |
2 |
тұрақты |
- |
- |
|
Барлығы: |
78 |
86 |
90,6 |
10 |
3 |
Техногендік төтенше жағдайлар
(ірі көлік апаттары мен оқиғалары; өндірістік және тұрмыстық өрттер; техногендік сипаттағы келенсіз жағдай; өндірістік авариялар және қауіпсіздік ережесін бұзу; тіршілікті қамтамасыз ету жүйесіндегі авариялар)
Техногенді сипаттағытөтенше жағдайлардың саны 83(2024 ж.-73) жағдайды құрайды, зардап шеккендер –10адам, қаза тапқандар -3.
-78(2024-72) - өндірістік және тұрмыстық өрттер, жарылыстар,техногендік сипаттағы жазатайым оқиғалар;
- 0(2024-0) электр энергетикалық жүйелердегі апат;
- 0 (2024-0) кәсіпорын ішіндегі мұнай құбырларындағы апат;
-3 (2024-0) мұнай-газ, мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы апат;
- 0(2024-0) газ-ауа қоспасының жарқылы;
- 0 (2024-0) ғимараттардың кенеттен құлауы;
-1 (2024-1) көміртегі тотығымен улану;
- 0(2024-0) өндірістік апат;
- 0 (2024-0) ғарыштық сипаттағы ТЖ;
- 1(2024-0)көлік апаттары.
ӨРТТЕР
Ағымдағы жылдың наурыз айында облыс аумағында 78 (2024 ж. – 71) өрт болды, оның ішінде 1 адам жарақат алды (2024 ж. -5), қазатапқандар - 3(2024 ж.-5) болды.
Өрттердің себептері: электр жабдықтарын монтаждау мен техникалық пайдалануды бұзушылықтар – 46 жағдай, отпен абайсыз жұмыс істеу -10 жағдай; тұрмыстық электржабдықтарын орнату және пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу – 2 жағдай; пештерді орнату және пайдалану кезіндегі ӨҚҚБ – 3 жағдай; қасақана от қою -2; өрттің басқа себептері – 4; анықталмаған себептер -0; бензин, керосин, газ құрылғыларын қолдану кезінде ӨҚҚБ -1
Өрттердің пайда болуының орындары: тұрғын үйде –38; автокөліктерде - 18; қоғамдық орындарда және көшеде –6; сауда кәсіпорындарында - 5;орман - 3; монша-кір жуу кешендері -1; қоғамдық-әкімшілік ғимараттар -2; қоймалар мен базаларда - 0.
Көміртегі тотығымен улану
6.01. 2025 ж. Атырау қ., Жұмыскер-2 ықшам ауданы, Б.Шолақ к-сі, № 11 үйден газ қазандығының ақаулығына байланысты табиғи газбен улану белгілері бар 2005 жылы туған А.Онайғали және 1998 жылы туған Н.Онайғали ауруханаға жатқызылды.
Мұнайгаз, мұнайхимия, мұнай өңдеу салаларындағы апат
10.01.2025 ж. Атырау қ., Қабдолов көшесі №1 «Атырау мұнай өңдеу зауыты» (АМӨЗ) ЖШШ аумағындағы №33 резервуардаД-600 мм құбырда тауарлық автобензин құрауыштарының өткізілгені анықталды, нәтижесінде алаңға көлемі 20-30 тонна құю орын алды. АМӨЗ қызметкерлері ақаулы учаскені аварияны жою жоспарына сәйкес жойып, сору жұмыстарын жүргізді. Қалпына келтіру жұмыстары толық көлемде аяқталды. Технологиялық процесс бұзылмаған, мұнай өнімдерін өндіру және жөнелту жоспарға сәйкес жүзеге асырылды.
23.01.2025 ж.Атырау қ., Қабдолов көшесі №1 «Атырау мұнай өңдеу зауыты» (АМӨЗ) ЖШШ аумағындағы № 38/1 резервуарда (шикізат паркі баяу кокстау қондырғысы, көлемі 2000 м3) химиялық заттың (гудрон) жылыстауы анықталды. Резервуардың түбінен өткізу алдын ала себеп болып табылады. Оқиға процеске әсер еткен жоқ.
6.03.2025 ж.Жылыой ауданы, «Западная Прорва» кен орнында («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ тиесілі) № 437 ұңғымада (консервацияда болған) одан әрі жұмыстар үшін диаметрі 73 мм сорғы-компрессорлық құбырды түсіру кезінде газ тұтанады (алаудың биіктігі шамамен 40 метр). Алаудың пайда болуы салдарынан «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ-не тиесілі ұңғыманың жанында орналасқан автокранының артқы бөлігі жанып кеткен. Өрт «Семсер өрт сөндіруші» ЖШС күшімен жойылды, автокран бульдозермен қауіпсіз қашықтыққа ауыстырылды.
Көлік апаты (катастрофа)
1.03.2025 ж. Атырау қ., Теңдік ст., күзетілмейтін өтпеде тіркемесі бар «Камаз» маркалы автокөлігі «Маңғышлақ-Атырау» бағытындағы жүк поездымен соқтығысып, 150 метр теміржол зақымдаулымен 12 вагон аударылды. ТЖД ЖҚЖ күштерімен зақымданған локомотив вагонынан поезд машинистері 1987 жылғы Д.Амангелді, 1993 жылғы Табылды және 1998 жылғы Ж.Жақсығали жағдайы ауыр түрде ауруханаға жеткізілді.
ТАБИҒИ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР
(гидрометеорологиялық және геологиялық құбылыс, судағы жағдай, табиғи өрттер, қауіпті жұқпалы аурулар және адамдардың улануы, қауіпті жануарлардың жаппай ауруы, зиянкес өсімдіктердің жаппай таралуы)
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың саны 3(2024 ж.-5)зардап шеккендер(2024 ж.-1), қаза тапқандар жоқ(2024 ж.-1).
- 0 (2024-0) адам аурулары (пандемия);
- 0 (2024-0 ) тамақтан улану;
- 0(2024-1) суда орын алған оқиғалар;
- 0 (2024-0) жануарлардың жаппай ауруы;
- 3 (2024-2) табиғи өрттер;
- 0 (2024-0) газ тәрізді заттармен улану;
-0(2024-1)метеорологиялық және агрометеорологиялық қауіпті
Құбылыстар;
- 0 (2024-0) балықтардың жаппай қырылуы;
- 0 (2024-1 ) гидрологиялық қауіпті құбылыстар;
- 0 (2024-0) ауылшаруашылық өсімдіктерінің аурулар мен зиянкестермен зақымдануы.
Өрт қауіпсіздігі
Өрт қауіпсіздігі саласында320 (2024ж.-178) тексеру жүргізілді, 294 (2024ж.-386) өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу анықталды, оның нәтижелері бойынша 61 ұйғарым берілді.
Әкімшілік жауапкершілікке - 48 адам (2024ж.-196) тартылды, оның ішінде - 48 адамға (2024ж.-6), ескерту түрінде - 0 (2024ж.-190) 1 млн. 257 мың 640 тг. (2024 ж. - 1 млн. 89 мың 140 теңге) айыппұл салынды.
Әкімшілік хаттамалар сотқа жіберілді - 4 (2024 ж. - 1).
Құтқару операцияларын жүргізу
Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментімен және «АМО» АФММ485 жедел шығу жүзеге асырылды, 52 адам құтқарылды, 90адам эвакуацияланды.