Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету

Ағымдағы кезеңде маусым айының қорытындысы бойынша республикалық бюджеттен Төтенше жағдайлар департаментіне (ТЖД) төлемдер бойынша 1 750 017,5 мың теңге бөлінді, оның ішінде 1 747 591,2 мың теңге игерілді немесе 99,9%.

Оның ішінде:

  • ТЖД-ны материалдық-техникалық жарақтандыруға (арнайы техника, ұйымдастыру техникасы және т.б. сатып алуға) – 0 мың теңге.
  • Басқа шығыстарға (еңбекақы, коммуналдық қызметтер, жанар-жағармай материалдары және т.б.) төлемдер бойынша 1 750 017,5 мың теңге бөлініп, оның 1 747 591,2 мың теңгесі игерілді немесе 99,9%.

Жергілікті бюджеттен 2025 жылға 2 940 530,0 мың теңге бөлінді.

Маусым айындағы төлемдер бойынша – 1 130 619,0 мың теңге.

Материалдық-техникалық жарақтандыруға (қорғаныс құралдарын, арнайы жабдықтарды және т.б. сатып алуға) 980 000,0 мың теңге бөлініп, оның 96,4%-ы игерілді.

Материалдық-техникалық жарақтандыру бойынша департаменттің балансында әртүрлі мақсаттағы 246 бірлік техника бар, оның ішінде:

  • 92 бірлік – негізгі техника;
  • 43 бірлік – арнайы техника;
  • 111 бірлік – қосалқы техника.
 
Дата публикации
08 июля 2025