Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2025 жылғы1 жартыжылдығы ішіндегі «е-Өтініш» ақпараттық – жүйесі бойынша ақпарат

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі - Департамент) Регламентіне сәйкес Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту тобымен Департаменттің 2025 жылдың 1 жартыжылдығы ішіндегі (2024 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда) «е-Өтініш» ақпараттық – жүйесіне келіп түскен жолданымдарға талдау жасалды.

Департамент бойынша «е-Өтініш» ақпараттық – жүйесіне жүргізілген талдау барысында есепті кезең ішінде барлығы 650(2024ж.-286), + 100%, өтініш келіп түсті. Оның ішінде: Департаменттің құрылымдық бөлімдеріне– 493,(2024ж.-145),Атырау қ. ТЖБ – 98, (2024ж.-80),Жылыой ауданының ТЖБ – 21, (2024ж.-21), Индер  ауданының ТЖБ –8, (2024ж.-3), Исатай  ауданының ТЖБ –5, (2024ж.-2), Құрманғазы  ауданының ТЖБ – 4,(2024ж.-1),Қызылқоға ауданының ТЖБ – 6,(2024ж.-8), Мақат  ауданының ТЖБ –10, (2024ж.-5), Махамбет  ауданының ТЖБ –5, (2024ж.-1).

Өтініштердің түрлері бойынша құрылымы келесідей: арыз-410(2024ж.-85), шағым-19,(2024ж.-11),ұсыныс-7,(2024ж.-21), өзге де (хабарлама, сұраныс, үн қосу)-214,(2024ж.-169) тіркелген.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ай сайын Н-2 МО жиынтық есебі және тоқсан сайын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша стат есептер ҚР ТЖМ ҚҚЕж/еМТДД-не МОИП арқылы  жолданды, сонымен қатар ай сайын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жиынтық салыстыру актілері жасалынып, ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіне жолданды. 2025 жылғы 1 жартыжылдық қорытындысымен мерзімі бұзылып қаралған өтініштер тіркелген жоқ.     

 

Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту тобы

 

01.07.2025 ж.

 

 

 

Дата публикации
01 июля 2025