«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті (Атырау қаласы)» мемлекеттік мекемесі азаматтық қорғау органдарына қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеуге құжаттарқабылданып жатқанынжариялайды.
Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласуға болады: 060003, Атырау қаласы, Әуезов 53 «А», анықтама үшін телефондар: (87122) 45-01-01, /кадр және тәрбие жұмысы басқармасының ішкі номер 12111/, E-mail: ok_dchs_atyr@emer.kz
Өрт сөндіруші-құтқарушы (C-SV-13) – 20бірлік:
Функционалдық міндеттері:
Бекітілген өрт техникалық жарақтарын қабылдайды, бекітілген тыныс алу органдарын жекелеп қорғау құрылғысына тексеру жүргізеді;
бекеттерде, шолғында және ішкі нарядта қарауыл қызметін өткеру кезінде қарауыл жеке құрамының міндеттерін орындайды;
кезекшілік кезеңінде еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтайды;
бөлімшенің үй-жай мүлкіне ұқыпты қарайды, өрт техникалық жарақтарын және жабдықты, жеке құрал-жабдықтарын тазалықта және ұдайы әзірлікте ұстайды;
бөлімшенің шығу ауданындағы жедел ахуалмен танысады.
Лауазымдық жалақы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 153 433 теңгеден 187 411 теңгеге дейін.
Іріктеуге қатысушыға қойылатын талаптар: білімі ортадан төмен болмауы, лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті бейімінің, шеберлігі мен дағдысының болуы қажет; әскери-оқыту резерв дайындығы бойынша Қорғаныс Министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери қызметті және жауынгерлік дайындықты өту, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әскери қызметке шақыру кейiнге қалдырылған немесе әскери қызметтен босатылған, жасы 35-тен аспауы керек.
Іріктеуге қатысатын үміткер Қазақстан Республикасының азаматы болу, «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлар департаменті)» мемлекеттік мекемесі Кадр және тәрбие жұмысыбасқармасына хабарлама шыққаннан кейін құжаттары тапсыру қажет.
Іріктеуге қатысуға ниет білдірген азаматтар ТЖМ аумақтық бөлімшелері, мемлекеттік мекемелерінің кадр қызметіне қолма-қол тәртіпте құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімдерінде қоса берілетін құжаттар тізбесін көрсете отырып, құжаттар тігетін мұқабасына орналастырылған келесі құжаттарды тапсырады:
1) Нысан бойынша бос лауазымға орналасуға арналған іріктеуге қатысуға өтініш;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) білім туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ "Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 352 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23626 болып тіркелген) 1-қосымшадағы Білім туралы құжаттарды тану қағидаларына сәйкес білім туралы құжаттарды тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжаттар (наториалды куәландырылған);
4) Нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толық өмірбаян;
5) әскери билет немесетіркеукуәлігі;
6) ҚазақстанРеспубликасыЕңбеккодексінің35-бабынасәйкескандидаттыңеңбекқызметінрастайтынқұжаттар (бар болса);
7) 3х4 көлеміндегітүрлі-түстіфотосуреттер (6 дана);
8) кандидат пен оныңжұбайының (зайыбының) "Сыбайласжемқорлыққақарсыіс-қимылтуралы" ҚазақстанРеспубликасыныңЗаңынасәйкескірістері мен мүлкітуралыдекларациянытұрғылықтыжерібойыншамемлекеттіккірісоргандарынаұсынғанынрастайтынқұжаттар;
9) Нысанбойыншакандидаттыңсауалнамасы;
10) Нысанбойыншакадрлардыесепкеалужөніндегіжекеіспарағы.
Құжаттар пакетін толық ұсынбау оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
(C-SV-13) категориясы бойынша Конкурсқа қатысу үшін үміткерлерді іріктеу келесі этаптардан тұрады:
ерлер:
- таңдауы бойынша – 100 метр қашықтыққа жүгіру, немесе сырғымалы жүгіру (10 метр 10 реттен);
Барлық кезеңдерден өткен үміткер алғашқы кәсіптік даярлықтан өту үшін Ақтөбе қаласында орналасқан оқу орталығында курстан өтеді.
Лауазымдар бойынша: өрт сөндіруші-құтқарушыларды даярлау бағыты бойынша тыңдаушылар үшін оқу мерзімі күнтізбелік 26 күн.
Конкурсқа қатысу бойынша барлық шығынды азаматтардың жеке қаражаты есебінен шығарады.