Атырау облысының төтенше жағдайлар департаменті Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 3 сәуірдегі №121 «ҚР ТЖМ еңбек тәртібі ережелері туралы» бұйрығына сәйкес екі күндік демалыс күндерімен бес күндік жұмыс аптасы, сағат 8.00 ден бастап 17.30 –ға дейін, 12.00 ден бастап 13.30 –ға дейін түскі үзіліс болып бекітілді.
Атырау облысының төтенше жағдайлар департаменті Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы төмендегі Қағидаларға сәйкес келесі мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді:
Аталған көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жұмыс кестесі:
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 12.00-ден 13.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 08.00-ден 17.30-ға дейін.
Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Кодекске сәйкес өтінішті қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.