Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2025 жылдың 1 тоқсандағы құжатайналымы және «е-Өтініш» ақпараттық – жүйесі бойынша ақпарат

 

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі - Департамент) Регламентіне сәйкес Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту тобымен Департаменттің 2025 жылдың 1 тоқсаны ішіндегі (2024 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда) құжатайналымының кіріс, шығыс құжаттар санына, түрлеріне, сонымен қатар «е-Өтініш» ақпараттық – жүйесіне келіп түскен жолданымдарға талдау жасалды.

Талдау қорытындысымен Департаменттің жалпы құжатайналымы 2024 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда (+27%) пайызға яғни, (+1022) құжатқа көбейгенін көрсетіп отыр, яғни 2025 жылдың 1 тоқсаны ішінде Департаменттің жалпы құжат айналымы 4826 құжатты құрады, (2024ж. - 3804).

Оның ішінде: Кіріс құжаттар - 2782, (2024 ж. - 2237), яғни + 21,3%. Шығыс құжаттар – 1759, (2024ж.-1358), яғни+29,5%. Дирорд-17, (2024ж.-47), яғни -64%. «ҚБПҮ» белгісімен хаттар-66, (2024 ж. - 48), яғни +37,5%. Ішкі кіріс құжаттары - 412, (2024 ж. - 111), яғни +100%. Ішкі шығыс құжаттары - 284, (2024 ж.-90)+100% құрайды.

Сонымен қатар 2022 жылғы 18 қазандағы №5 ҚР ТЖМ Алқа қаулысының                    9-тармағы 1), 2) тармақшалары бойынша құжат айналымды оңтайландыру және қысқарту мақсатында қызметтік электронды пошталар мен МОИП арқылы ақпарат алмасу жүзеге асырылуда.

Ай сайын жалпы құжат айналым бойынша облыс бойынша жиынтық есеп                                ҚР ТЖМ ҚҚЕж/еМТДД-не МОИП арқылы жолдануда.

Департамент бойынша «е-Өтініш» ақпараттық – жүйесіне жүргізілген талдау барысында есепті кезең ішінде барлығы 202 (2024ж.-114), + 77,2%, өтініш келіп түсті. Оның ішінде: Департаменттің құрылымдық бөлімдеріне– 144,(2024ж.-63), Атырау қ. ТЖБ – 35, (2024ж.-33), Жылыой ауданының ТЖБ – 8, (2024ж.-8), Индер  ауданының ТЖБ –4, (2024ж.-0), Исатай  ауданының ТЖБ –4, (2024ж.-0), Құрманғазы  ауданының ТЖБ – 1,(2024ж.-1), Қызылқоға ауданының ТЖБ – 2,(2024ж.-6), Мақат  ауданының ТЖБ –3, (2024ж.-3), Махамбет  ауданының ТЖБ –1, (2024ж.-0).

Өтініштердің түрлеріне жүргізілген талдау бойынша Департамент бойынша: арыз-129 (2024ж.-41), шағым-8, (2024ж.-2), ұсыныс-6, (2024ж.-11), өзге де (хабарлама, сұраныс, үн қосу)-59, (2024ж.-74) тіркелген.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ай сайын Н-2 МО жиынтық есебі және тоқсан сайын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша стат есептер ҚР ТЖМ ҚҚЕж/еМТДД-не МОИП арқылы  жолданды, сонымен қатар ай сайын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жиынтық салыстыру актілері жасалынып, ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіне жолданды. 2025 жылғы 1 тоқсан қорытындысымен мерзімі бұзылып қаралған өтініштер тіркелген жоқ.     

                                                   

Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту тобы

 

04.04.2025 ж.

 

Дата публикации
04 апреля 2025