Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі - Департамент) Регламентіне сәйкес Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту тобымен Департаменттің 2024 жылдың 9 айы ішіндегі (2023 жылдың 9 айымен салыстырғанда) құжатайналымының кіріс, шығыс құжаттар санына, түрлеріне, сонымен қатар «е-Өтініш» ақпараттық – жүйесіне келіп түскен жолданымдарға талдау жасалды.
Талдау қорытындысымен Департаменттің жалпы құжатайналымы 2023 жылдың 9 айымен салыстырғанда (+4,45%) пайызға яғни,(+510) құжатқа көбейгенін көрсетіп отыр, яғни 2024 жылдың 9 айы ішінде Департаменттің жалпы құжат айналымы 11 968 құжатты құрады, (2023ж. - 11458).
Оның ішінде: Кіріс құжаттар - 6578, (2023 ж. - 6272), яғни + 4,9%. Шығыс құжаттар – 4604, (2023ж.-4272), яғни+7,8%. Дирорд-103, (2023ж.-192), яғни-46,4%. «ҚБПҮ» белгісімен хаттар-108, (2023 ж. - 230), яғни-53%. Ішкі кіріс құжаттары - 478, (2023 ж. - 533), яғни -10,3%. Ішкі шығыс құжаттары - 347, (2023 ж.-449)+22,7%. құрайды.
Сонымен қатар 2022 жылғы 18 қазандағы №5 ҚР ТЖМ Алқа қаулысының 9-тармағы 1), 2) тармақшалары бойынша құжат айналымды оңтайландыру және қысқарту мақсатында қызметтік электронды пошталар мен МОИП арқылы ақпарат алмасу жүзеге асырылуда.
Ай сайын жалпы құжат айналым бойынша облыс бойынша жиынтық есеп ҚР ТЖМ ҚҚЕж/еМТДД-не МОИП арқылы жолдануда.
Департамент бойынша «е-Өтініш» ақпараттық – жүйесіне жүргізілген талдау барысында есепті кезең ішінде барлығы 464 (2023ж.-291), + 59,4%, өтініш келіп түсті. Оның ішінде: Департаменттің құрылымдық бөлімдеріне– 202,(2023ж.-107), Атырау қ. ТЖБ – 141, (2023ж.-95), Құрманғазы ауданының ТЖБ – 5,(2023ж.-10), Исатай ауданының ТЖБ –4, (2023ж.-4), Махамбет ауданының ТЖБ –14, (2023ж.-3), Индер ауданының ТЖБ –9, (2023ж.-7), Қызылқоға ауданының ТЖБ – 15,(2023ж.-8), Мақат ауданының ТЖБ –10, (2023ж.-18),Жылыой ауданының ТЖБ – 27, (2023ж.-22), «ӨСжАҚЖҚ» РММ-37 (2023ж.-17).
Өтініштердің түрлеріне жүргізілген талдау бойынша Департамент бойынша: арыз-151(2023ж.-123), шағым-15,(2023ж.-4),ұсыныс-37,(2023ж.-5), өзге де (хабарлама, сұраныс, үн қосу)-261,(2023ж.-151) тіркелген.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ай сайын Н-2 МО жиынтық есебі және тоқсан сайын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша стат есептер ҚР ТЖМ ҚҚЕж/еМТДД-не МОИП арқылы жолданды, сонымен қатар ай сайын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жиынтық салыстыру актілері жасалынып, ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіне жолданды. 2024 жылғы 9 ай қорытындысымен мерзімі бұзылып қаралған өтініштер тіркелген жоқ.
Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту тобы
4.10.2024 ж.