«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Атырау қаласы)» республикалық мемлекеттік мекемесі азаматтық қорғау органдарына қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеуге құжаттар қабылданып жатқанын жариялайды.

Барлық сұрақтар бойынша мына мекен жайға хабарласуға болады: 060003, Атырау қаласы, Баймуханов  54 «А», анықтама үшін телефондар: (87122) 36-13-49, (87122), 36-05-78 /кадр және тәрбие жұмысы бөлімінің ішкі номер 12725/,  E-mail: ok_spasr_atyr@emer.kz

Өрт сөндіруші-құтқарушы (C-SV-13) – 6 бірлік:

  • №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы (Атырау қ.) – 2 бірлік
  • №13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы (Атырау қ.) – 1 бірлік
  • №14 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы (Атырау қ.) – 1 бірлік
  • №3 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы (Атырау қ.) – 1 бірлік
  • №4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы (Атырау қ.) – 3 бірлік
  • №11 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы (Махамбет ауданы) – 1 бірлік
  • №12 өрт сөндіру бекетінің өрт сөндіруші-құтқарушысы (Сағыз ст.) – 1 бірлік

Функционалдық міндеттері:

Бекітілген өрт техникалық жарақтарын қабылдайды, бекітілген тыныс алу органдарын жекелеп қорғау құрылғысына тексеру жүргізеді;

бекеттерде, шолғында және ішкі нарядта қарауыл қызметін өткеру кезінде қарауыл жеке құрамының міндеттерін орындайды;

кезекшілік кезеңінде еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтайды;

бөлімшенің үй-жай мүлкіне ұқыпты қарайды, өрт техникалық жарақтарын және жабдықты, жеке құрал-жабдықтарын тазалықта және ұдайы әзірлікте ұстайды;

бөлімшенің шығу ауданындағы жедел ахуалмен танысады.

Лауазымдық жалақы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 153 433 теңгеден 187 411 теңгеге дейін.

Іріктеуге қатысушыға қойылатын талаптар: білімі ортадан төмен болмауы, лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті бейімінің, шеберлігі мен дағдысының болуы қажет; әскери-оқыту резерв дайындығы бойынша Қорғаныс Министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери қызметті және жауынгерлік дайындықты өту, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әскери қызметке шақыру кейiнге қалдырылған немесе әскери қызметтен босатылған, жасы 35-тен аспауы керек.

Іріктеуге қатысатын үміткер Қазақстан Республикасының азаматы болу,  «Қазақстан  Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Атырау қаласы)» мемлекеттік мекемесі кадр және тәрбие жұмысы бөліміне хабарлама шыққаннан кейін құжаттары тапсыру қажет.

Іріктеуге қатысуға ниет білдірген азаматтар ТЖМ аумақтық бөлімшелері, мемлекеттік мекемелерінің кадр қызметіне қолма-қол тәртіпте құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімдерінде қоса берілетін құжаттар тізбесін көрсете отырып, құжаттар тігетін мұқабасына орналастырылған келесі құжаттарды тапсырады:

      1) Нысан бойынша бос лауазымға орналасуға арналған іріктеуге қатысуға өтініш;

      2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) білім туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ "Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 352 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23626 болып тіркелген) 1-қосымшадағы Білім туралы құжаттарды тану қағидаларына сәйкес білім туралы құжаттарды тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжаттар (наториалды куәландырылған);

      4) Нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толық өмірбаян;

      5) әскери билет немесе тіркеу куәлігі;

      6) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес кандидаттың еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса);

      7) 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті фотосуреттер (6 дана);

      8) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсынғанын растайтын құжаттар;

      9) Нысан бойынша кандидаттың сауалнамасы;

      10) Нысан бойынша кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы.

Құжаттар пакетін толық ұсынбау оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

(C-SV-13) категориясы бойынша Конкурсқа қатысу үшін үміткерлерді іріктеу келесі этаптардан тұрады:

  1. Азаматтардан құжаттарды қабылдау және олардың біліктілік талаптарына сәйкес келуін алдын – ала қарастыру;
  2. Әскери дәрігерлік комиссияда медициналық және психофизиологиялық куәландырудан өту, соның ішінде полиграфологиялық зерттеу
  3. Іріктеу өткізу талаптарына сәйкес үміткерлермен дене шынықтыру бойынша нормативтерді тапсыру:

 ерлер:

     - таңдауы бойынша – 100 метр қашықтыққа жүгіру, немесе сырғымалы жүгіру  (10 метр 10 реттен);

  • таңдауы бойынша – белтемірде тартылу, немесе бөренеге тіреліп денені көтеру;
  • таңдауы бойынша – 1000 метр қашықтыққа жүгіру, немесе кешенді күштік жаттығулар (жатқан қалпында көтерілу, жатқан қалпынан толық отыру қалпына келу, толық отыру қалпынан секіру, денені арқамен жатқан қалпынан көтеру);
  1. Үміткерлермен әңгімелесу.

Барлық кезеңдерден өткен үміткер алғашқы кәсіптік даярлықтан өту үшін Ақтөбе қаласында орналасқан оқу орталығында курстан өтеді.

Лауазымдар бойынша:  өрт сөндіруші-құтқарушыларды даярлау бағыты бойынша тыңдаушылар үшін оқу мерзімі күнтізбелік 26 күн.

Конкурсқа қатысу бойынша барлық шығынды азаматтардың жеке қаражаты есебінен шығарады.

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
06 сентября 2024