Аттестаттау өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің (Атырау қаласы М. Баймұханов көшесі 54 а.) мәжіліс залында аттестаттау комиссиясының отырысы өткізіледі.
Қызметтің қалалық және аудандық өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері үшін 2024 жылғы 24 шілдеде сағат 15:00-де Комиссия отырысы қаралатын болады.
Ескертпе: Қызметкерлер аттестаттау комиссия отырысына себепсіз кешігіп келген жағдайда қайта аттестаттауға жіберілетін болады.
Атырау облысы ТЖД
«ӨСжАҚЖҚ» РММ
Кадр және тәрбие жұмысы бөлімі