«Б» корпусындағы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті

 

060003, Атырау қаласы, Әуезов көшесі 53 «А», анықтама үшін телефондар: (87122)45-01-01(вн12107), E-mail: ok_dchs_atyr@emer.kz

 «Б» корпусындағы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды.

 

 

  1. Қоғаммен байланыс тобының бас маманы(уақытша, негізгі қызметкердің 2025 жылғы 13 қарашаға дейін бала күтіміне арналған демалыс кезеңіне) (С-О-5 санаты,1-бірлік)

Функционалдық міндеттері: БАҚ материалдарының экспресс-анализі және тез жинақталуы.Пресс-конференциялар,  семинарлар, брифингтер, дөңгелек үстелдер және Департаменттің басшылары және қызметкерлерімен сұхбат  ұйымдастыру.

Департамент қызметкерлері, орынбасарларының проект дайындау мақаласына қатысу.Департамент қызметінің толық және объектілі баяндалуы мақсатында газет, журналдардың бас редакторларымен,ақпаратты агенттіктермен,телерадиокомпаниялар, сонымен қатар БАҚ корпункттерімен өзара қарым-қатынас орнату.Төтенше жағдайлар өңірінде БАҚ өкілдерінің жұмысын ұйымдастыру.

ТЖМ территориялық бөлімшелерінен БАҚ-пен жұмыс жасау кезінде және жұртшылықтан келіп түсетін ақпараттар, сонымен қатар баспасөз құзыретіне қатысты сұрақтардың жиынтығын әзірлеу.Баспасөз қызметі құзыретіне енетін сұрақтарды шешу мақсатында қажетті ақпаратты қабылдау және сұрау үшін Департаменттің бөлімдері және құрылымдық бөлімшелерімен өзара қарым-қатынас орнату.Департамент басшыларына топтың жұмыс барысы мен жағдайы туралы баяндайды.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық жалақысы

Санаты

Еңбексiңiргенжылдарына байланысты

 

min

max

С-O-5

226837

260564

 

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: қызметтер (гигиена және өндірісте еңбекті қорғау); педагогикалық ғылымдар (қазақ тілі мен әдебиеті); өнер және гуманитарлық ғылымдар(филология); әлеуметтік ғылымдар,журналистика және ақпарат (журналистика және/немесе қоғамдық байланыс.

Мынадай     құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

         Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)  2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2)3х4 үлгідегі түрлі түсті сурет пен 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

 

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарды конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күн ішінде жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде ұсынуына болады.

 

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішіндеҚазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінде өтеді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органныңжұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
28 февраля 2024