Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2023 жылдың 9 ай қызметінің қорытындысы туралы
Құрметті Сырым Дүйсенғазыұлы, әріптестер!
Ағымдағы жылдың 9 айында Департаменттің жедел қызметтерімен 1 462 (2022ж. – 1 384,+5,6%) шығулар болды, құтқарылғаны 106 (2022ж. – 133, -20,3%) адам, қауіпсіз жерге шығарылғаны 27 (2022ж. – 92, -70,6), алғашқы медициналық көмек 122 (2022ж. – 4, +30 рет) зардап шеккендерге көрсетілді.
Жыл басынан 218 (2022ж. – 269, -18,9%) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар тіркелген, зардап шеккендер 30 (2022ж.–11 173,-99,8%), ал қаза болғаны 11 (2022ж.–66, -83,3%).
Анықтамалық: орын алған өрттерден келген материалдық залал 75 млн 897 мың теңге (2022 ж. - 208 мың 100 теңге), 364 есеге көбейгендігі байқалады.
Төтенше жағдайлар органдарының қызметін және қайғылы оқиғаларды алдын алу мақсатында бұқаралық-ақпарат құралдары арқылы жұмыстар жалғасын табуда.
Жарияланғаны 8 661 (2022ж. – 8 532, +1,5%) материал, оның ішінде теледидарда – 291 (2022ж. – 206, +41,3%), басылымдарда – 516 (2022ж. – 598, -13,7%), ақпараттық агенттіктерде – 817 (2022ж. – 787, +3,9%),
радиоэфирлерде – 54 (2022ж. – 130, -58,4%), әлеуметтік желілерде – 5 183 (2022ж. – 5 559, -6,8%), дауыс зорайтқыш арқылы – 1 800 (2022ж. – 1 250, +44%). Аймақтық коммуникация қызметінде 26 брифингтер ұйымдастырылды (2022ж. – 21, +23,9%).
Төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары бұқаралық- ақпарат құралдары арқылы халықтың назарына күнделікті жеткізіліп отырылу арқасында, өрттер 12,4% төмендеген (2023 – 197, 2022ж. – 225), қаза болған адам 50%-ға (2023ж. -1, 2022ж. – 2) азайған, ал зардап шеккендер тұрақты – 1 (2022-2023ж.ж. – 1).
Өрттердің ең көп саны тұрғын үй секторында тіркелген, яғни 109 өрт оқиғасы (2022ж. – 117, -6,9%), автокөлікте 55 өрт (2022ж. -62, -11%) тіркелді.
Облыс аумағында орналасқан объектілерді толық қамту мақсатында, оларға заңнамалар талаптарына сәйкес өрт-техникалық тексеріс және профилактикалық іс-шараларды одан әрі жүргізе отырып, Департаментпен тоқсан сайын мемлекеттік органдарға сұрау салынады.
Қазіргі таңда облыс көлемінде - 7 175 (2022-4 301), (2 874 нысанға немесе 67% - ға өсуі байқалады) нысан есепке алынды, оның ішінде жоғары тәуекел дәрежесі - 1 448, орташа тәуекел дәрежесі – 496, төмен тәуекел дәрежесі – 5 231.
2023 жылға субъектіге бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу кестесіне 277 нысан енгізілді.
Жоспарланған нысанның 181-і тексеріліп (65%), 37 нысан объективті себептермен жоспардан түсірілді (ТЖМ тапсырмасы бойынша 2021 жылы кемшіліксіз анықталған объектілер- 29, күрделі жөндеу жұмыстары-7).
Тексеру барысында өрт қауіпсіздігі талаптарының 1 645 бұзушылығы анықталып, 181 бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді.
Анықтамалық: 165 ұйғарымның 11 нысаны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-тармағы бойынша сотқа жолданып 4 млн 347 мың теңгеге айыппұл салынды.
Сонымен қатар, Прокуратура органының тапсырмасы бойынша жоспардан тыс 9 тексерулер жүргізілді. Тексеру қорытындысымен 9 әкімшілік іс қозғалып, 7 ескерту және сомасы 69 000 теңгені құрайтын 2 айыппұл салынды.
Анықтамалық:«Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйі КММ»-2 рет, «Ақжайық Автопарк» ЖШС, «Атырау Автопарк» ЖШС, «Батыс Тех Инвест» ЖШС, «Жұмылдыру дайындығын, азаматтық қорғау және аумақтық қорғанысты материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету қызметі» КММ, «УГ – 15» және «УГ 79» ММ, «Жалпы білім беретін №1 орта мектебі» КММ.
Сондай-ақ, өрт фактісі бойынша 240 (2022ж-221, +8,6%) әкімшілік іс қозғалды, ескерту түрінде 216 (2022ж-198,-9%) тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 24 тұлғаға жалпы сомасы 1 233 375 теңгені құрайтын айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.
Өрт қауіпті кезеңінде орманды дала алқаптарында өрттің алдын алу мақсатында 6 978 іс-шаралар өткізілді, атап айтқанда, 18 755 тұрғынды қамтыған 6 531 нұсқаулықтар, ауыл шаруашылығы өндірушілерімен және шаруа қожалықтары өкілдерімен 1 118 адамды қамтып 74 дөңгелек үстел, сондай-ақ 6 360 жұмысшы қамтылған 373 жиын өткізілді. БАҚ өкілдерімен орман, дала алқаптарында өрт қауіпсіздігін алдын алу бойынша (аудандық, облыстық және Республикалық) 11 брифинг өткізілді.
Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 13 бейнеролик және 12 билборд, 38 баннер әзірленіп ілінді.
Құрылған мобильді топпен адамдардың демалыс орындарында 3 заң бұзушылық анықталып, нәтижесінде жеке тұлғаларға 112 125 теңгені құрайтын айыппұл салынды.
Алайда, соған қарамастан облыс аумағында өрт қауіпті маусымы басталғалы көлемі 5 900 га құрайтын 6 орман өрті тіркелді (2022 ж – 5; жалпы көлемі 1860 га, +20%), келтірілген материалдық шығын 545 300 теңгені құрады (2022 – 208 мың теңге).
Анықтамалық: Атырау қ. -2, Құрманғазы, Индер аудандарында 2 өрттен
Ағымдағы жылдың мамыр, маусым айларында жоспарлы және жоспардан тыс облыстық ТЖ комиссиясының отырыстары өткізіліп, «Өрт қауіпті кезеңде орманды дала өрттерінің алдын алу және жою» мәселесі бірнеше рет қаралды.
Барлық аудандарда, оның ішінде орман шаруашылығы аумағында (Атырау, Махамбет, Индер, Құрманғазы) орман және дала алқаптарында өрттерді жою бойынша оқу жаттығулар ұйымдастырылды.
Соның бірі, ағымдағы жылдың 24-25 тамыз аралығында Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Сафон ауылдық округінде өткен трансшекаралық өрттерді сөндіру бойынша ауқымды Қазақстан-Ресей жаттығулары.
Өрт сөндiру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметi, АҚ және ТЖ қызметтерi орман алқабына шартты түрде тараған отты сөндiруге, тұрғын үйлердегi өрттi жоюға және ауыл тұрғындарын эвакуациялауға күш-жiгерлерiн жұмсады. Шартты өрттің жалпы ауданы 120 гектарды құрады.
Жаттығуға екі елден барлығы 83 адам және 13 бірлік техника қатысты.
Анықтамалық: облыс аумағында өрт қауіпті маусымы басталғалы көлемі 5900 га құрайтын 6 (Атырау қ. – 2, Құрманғазы, Индер аудандарында – 2 өрттен) орман өрті тіркелді(2022ж. – 5; жалпы көлемі 1860 га), келтірілген материалдық шығын 545 300 теңгені құрады (2022ж. – 208 мың тенге).
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2023 жылға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, есепті кезеңде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық 5 (3 жоспарлы және 2 жоспардан тыс) отырыстары ұйымдастырылып өткізілді. 20 мәселе қаралып 122 тапсырма берілді. (оның ішінде: 20 мәселенің – 17 жоспарлы, 3 - жоспардан тыс. 122 тапсырманың 86 - жоспарлы, 36 - жоспардан тыс) өткізілді.
Атырау қаласы мен аудандар бойынша табиғи және техногендік сипаттағы ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мақсатында облыстық ТЖ комиссиясының 26 отырысы (оның ішінде:19 - жоспарлы, 7 - жоспардан тыс) өткізілді, (Атырау қ – 2, Жылыой ауданы – 2, Махамбет ауданы – 3, Құрманғазы ауданы – 3, Қызылқоға ауданы – 6, Мақат ауданы – 4, Исатай ауданы – 3, Индер ауданы – 3) онда 74 мәселе қаралып 417 тапсырма берілді (оның ішінде: 74 мәселенің – 67 жоспарлы, 7 - жоспардан тыс. 417 тапсырманың 357 - жоспарлы, 60 - жоспардан тыс).
2023-2024 жж. жылыту маусымы бойынша ағымдағы жылы облыс бойынша 1 702 (2022ж. – 2 001, -15%) осал топқа жататын тұрғындардың үйлері анықталып, қазіргі уақытта тұрғын үйлер 100% араланды.
Сонымен қатар, аталған тұрғын үйлерге жергілікті атқарушы органдар, «Жас Отан» Жастар Қанаты мүшелерімен, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ қызметкерлері, еріктілермен бірігіп рейдтік іс-шаралар өткізіліп, 218 түтін датчиктері қондырылды, 700 газ талдағыштар қондыру жоспарлануда.
Жылыту маусымына дайындық басталғалы 216 рейд жүргізіліп, аралау барысында профилактикалық жұмыспен 13 071 (2022-2023жж. – 2 352, +5,5 есе) тұрғын үй қамтылып, 22 142 (2022-2023жж. – 3 458, +6,4 есе) жадынама таратылды.
БАҚ-та – 38 (2022-2023жж. – 109, -65,5%) шығу ұйымдастырылды (облыстық телеарналарға – 10, радиоэфирге – 5, брифинг – 8 шығулар ұйымдастырылды. Және де облыстық, газет – 15 мақала жарияланды).
Биік қабатты үйлердің тұрғындарымен 13 (2022-2023жж. – 6, +53,8%) жиын өткізіліп, ғимараттардан қауіпсіз эвакуациялау бойынша практикалық жаттығулар өткізілді.
Анықтамалық: жалпы қала аумағында бақылаудағы нысандар тізбесінде 52 биік қабатты тұрғын үйлер бар (10 қабатты – 22 үй, 11 қабатты – 7 үй, 12 қабатты – 8 үй, 16 қабатты – 15 үй). Жыл басынан бері қала аумағында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлерде 3 оқу жаттығу өткізілді.
07.09.2023 ж ЖК «Заман» 11 қабатты тұрғын үй;
23.08.2023ж 11 қабатты«Ренесанс» қонақ үйі;
08.09.2023 ж 18 қабатты Ардагер резиденциясы.
Бұдан басқа, облыс тұрғындарына 112 номері арқылы «Газ тұтынушы түтін мұржаларын тексеріңіз және оның жарамдылығын бақылаңыз. Сіздің өміріңіз сіздің қолыңызда» мәтінде СМС хабарлама айына 2 рет жіберілді.
Анықтамалық: Атырау облысы аумағында 2022-2023 ж.ж. жылыту маусымы кезеңінде тұрғын үйде 98 (2021-2022ж.–85, +15%) өрт орын алған. Өрт салдарынан 3 адам (2021-2022ж.–7, -57%) қаза тапты, өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтамай өрт шығу салдарынан тұрғын үй секторында 1 адам (2021-2022ж.–4, -75%) жарақаттанып, 3 адам (2021-2022ж.–0, +100%) қаза тапты.
Азаматтық қорғау саласы бойынша бақылаудағы объектілер саны 144 (2022 жылы – 151, -5%).
2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 6 субъектіні тексеру жоспарланған, оның ішінде тексерілді - 5 және 1 объект объективті себептермен тексерістен түсірілген («Қазақтелеком» АҚ). (2022 жылы – 43, оның ішінде - 41, тексерістен түсірілгені - 2).
2023 жылдың екінші жартыжылдығында 7 субъектіні профилактикалық бақылаумен қамту жоспарланған, оның ішінде 4 тексеріліп, 3 тексеріс мерзімдеріне сәйкес бақылауда тұр.
Ағымдағы жылға жоспарланған 60 тексерістің 47-не жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеріс қорытындысы бойынша 20 хаттама толтырылып, 8 млн. 494 мың теңгеге айыппұл салынды.
Атырау облысында профилактикалық бақылауды жүргізу бойынша жұмыс мемлекеттік бақылауды жүргізу мерзімдері мен талаптарын сақтай отырып жалғасуда.
Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қосалқы және қорғалған басқару пункттерінің желісін дамыту мәселесіне қатысты қазіргі уақытта «Спецстройсогласование» ЖШС-мен құны 92 млн. теңге болатын қалалық басқару пунктінің құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, материалдары мемлекеттік сараптамадан өтуде.
Сондай-ақ, қала сыртындағы қосалқы басқару пунктін құру үшін Атырау облысының даму жоспарына тиісті толықтырулар енгізу көзделген, осыған байланысты бюджетті қорғау кезінде қала сыртындағы қосалқы басқару пунктінің құрылысын жоспарлау көзделетін болады.
Атырау облысында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия отырысының 2022 жылғы 29 қыркүйектегі №3 хаттамасының 3-тармағы 2) тармақшасының тапсырмасын орындау үшін қорғаныш құрылыстары қорына түгендеу жүргізу жөніндегі ұйымдық нұсқау бекітіліп, ҚР ІІМ ТЖК 2020 жылғы 21 тамыздағы №152 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын түгендеуге арналған әдістемелік ұсынымдардың» талаптарына сәйкес түгендеу жүргізілді.
Қорғаныш құрылыстарын түгендеу барысында түгендеу жүргізу комиссиясымен Атырау облысының аумағында орналасқан 34 Қорғаныш құрылыстары қаралды.
Түгендеу қорытындысы бойынша дайын – 3 объект, шектеулі дайын – 9, дайын емес деп - 22 объект танылды.
Бүгінгі күні Атырау облысы әкімдігінің мобрезерв қоймаларында 44 мың 603 бірлік жеке қорғаныс құралдары бар (УЗС ВК экран – 756 бірлік, ГП-7 – 32347 бірлік, ПДФ-2Д – 4200 бірлік, ПДФ-2Ш – 7300 бірлік).
2022 жылы жалпы сомасы 752 млн. 400 мың теңгеге 8 мың 430 бірлік жеке қорғаныс құралдарын (азаматтық газқағарлар) сатып алу жүргізілді.
Атырау облысында шомылу орындарын ұлғайту үшін облыс аумағында 46 орын белгіленді.
Анықтамалық: Атырау қаласында – 5 орын, Құрманғазы – 11 орын, Жылыой – 1 орын, Қызылқоға – 19 орын, Махамбет – 9 орын, Индер аудандарында – 1 орын.
Қаржы қаражатының шектеулігін ескере отырып, 46 шомылу орнының қажетті құтқару бекеттерімен, жабдықтармен, құтқарушылармен және медициналық пункттермен жарақтандырылған 6 орын (Атырау қ. – 3, Жылыой – 2 және Индер – 1 аудандары) шомылу маусымы кезеңінде азаматтарды қабылдады.
Мониторинг қорытындысы бойынша облыс аумағында шомылуға тыйым салынған 70 қауіпті учаске бар (Атырау қаласы – 17, Индер қаласы – 10, Махамбет ауданы – 19, Құрманғазы ауданы – 2, Жылыой ауданы – 7, Қызылқоға ауданы – 15), аталған жерлерде 238 тыйым салу белгісі және 9 ақпараттық стенд орнатылған.
Облыс су айдындарында адам шығынын болдырмау мақсатында ТЖД қызметкерлері полициямен, Атырау қаласы мен аудандар әкімдіктерінің өкілдерімен бірлесіп күнделікті үгіт-профилактикалық жұмыстарды жүргізді, оған 273 адам (АҚ – 149, ПД – 124), 44 бірлік автокөлік және жүзу құралдары қатысты.
Профилактикалық іс-шараларға Ұлттық ұланның күштері, еріктілер ұйымдары («Қызыл Жарты Ай», «Жас қауым» және «Әли»), адамдарды суда құтқарудың бастапқы дағдыларына оқыту жүргізілгеннен кейін жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздар тартылды.
Бұдан басқа, Атырау қаласында және Жылыой ауданындағы 2 суда құтқару станциясында орналасқан Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері тәулік бойы кезекшілікті жүзеге асырады. Жағажайлардың баланс ұстаушыларының өтінімдері бойынша тиісті құжатты бере отырып, ТЖД–дружинниктердің құтқару жасағы базасында 6 құтқарушы оқытылды.
Алайда, атқарылған жұмыстарға қарамастан ағымдағы жыл басынан бастап облыстағы су айдындарында барлығы 12 адам қаза тапты, оның ішінде 3 кәмелетке толмағандар (2022ж. – 20/8, -40%/-62%).
Шомылу кезеңінде (2023 жылдың 1 маусым – 31 тамыз аралығында) 9 адам суда қаза тапты, оның ішінде 2 бала (2022ж. -15/7, -40%/-71%).
Облыста су тасқынының алдын алу бойынша да ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Департаментпен «Атырау облысы аумағында 2023 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық, қауіпсіз өткізу және ықтимал шығындарды азайту бойынша іс-шаралар жоспары» әзірленіп, облыс әкімімен бекітілді.
Волгоград және Ирикла су қоймаларының каскадында, Ресей Федерациясы ТЖМ Астрахань, Волгоград және Орынбор облыстары бойынша бас басқармаларымен, сонымен қатар «Казгидромет» РМК АФ және облыстың өзен бассейндерінде су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясымен гидрологиялық деректер бойынша өзара іс-қимыл мен болжамды ақпарат алмасу ұйымдастырылды.
Анықтамалық: облыс аумағында 31 Гидротехникалық құрылыс бар, оның ішінде республикалық меншікте-13 (1 - су торабы, 12 - магистральдық канал), коммуналдық меншікте – 18 (7-дамба, 3 – бөгет(плотина), магистральдық каналдар - 8).
Қорғаныс бөгеттерін жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары Атырау облысының 2021-2025 жылдарға арналған аумағын дамыту бағдарламасына енгізілген.
2023 жылы Төтенше резервімен шұғыл шығындарға арналған резервінде мүмкін төтенше жағдайларды жоюға 3 млрд. 132 млн 919 мың. теңге мың теңге (оның ішінде төтенше резервке – 1 млрд. 312 млн. 530 мың теңге, шұғыл шығындарға – 1 млрд. 807 млн. 619 мың теңге) бөлінді.
А.ж. 26 наурызында Департамент қызметкерлері су тасқыны жағдайын бақылау мақсатында, Атырау қаласы әкімі аппаратының өкілдерімен бірлесіп Жайық өзенінің жағасында орналасқан елді мекендерде визуалды тексеру жүргізді. Көзбен шолу барысында Атырау қаласының аумағында орналасқан жеті елді мекен қамтылды. Одан кейін аталған іс-шараның барлық материалдары жиналып, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органға жолданды.
А.ж. 29 наурызында Қызылқоға ауданының ТЖБ мен Қызылқоға ауданы әкімдігінің қызметкерлері «Қазсушар» РМК Атырау филиалының бастығымен бірлесіп, Ералы су торабын визуалды тексеру жүргізді. Жағдайы қанағаттанарлық.
Сондай ақ, 2023 жылдың 6 наурыз күні ауа-райының күрт жылынуына орай еріген қар суының жиналуына байланысты, Индер ауданы Жарсуат ауылынан 3000 м3 су сорылды.
Қызылқоға ауданы Миялы ауылында 600м3 қар суы шығарылды. Авариялық-құтқару жұмыстарына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 23 қызметкер, 3 бірлік техника мен 1 бірлік мотопомпа, Жергілікті атқарушы органның 27 қызметкері және 2 бірлік техника, 5 мотопомпа, «ҚайнарМұнайГаз» АҚ 3 адам, 3 бірлік техника, 5 мотопомпа жұмылдырылды.
2023 жылғы 13 наурызда Қызылқоға ауданы Миялы, Сағыз ауылдарына және Ақтөбе облысындағы су басу қаупі бар аумақтарға әуеден барлау жұмыстарын жүргізді. «Казавиақұтқару» АҚ «Еврокоптер 145 UP-EC033» тікұшағы ұшу барысында «Атырау-Сағыз-Миялы» маршруты арқылы ауыл бойы өзендерінің жай-күйі зерттеліп, елді мекендерге әуеден аэровизуалды шолу жасалды. Қызылқоға ауданының Миялы және Жангелдин ауылдарындағы еріген қар суын айдау және Ноғайты өзенінің жағалауын бекіту бойынша авариялық-құтқару жұмыстары аяқталды. 6-11 наурыз аралығында. 36000 шаршы метр куб су айдалды. 7000 дана қапшық төселді, 800 тонна құм төселді.
2023 жылғы 13 наурыз күні Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары елді мекенді еріген қар суы басуына байланысты көмек көрсету үшін Батыс Қазақстан облысына шықты. Жұмылдырылған күштер мен құралдар Атырау облысы ТЖД-нен 49 қызметкері, 9 бірлік техника, 3 үрмелі қайық, 7 мотопомпа.
2023 жылғы 14 наурыз күні Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында құтқарушылар көшелердегі суды ПНС-110 автокөлігімен сору жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, БҚО Қаратөбе ауданында құтқарушылар үрмелі қайықпен каналдың арғы бетінде қалған тұрғындарды көшіріп, құм толтырылған қапшықтар төсеп, бөгеттер жасалды. Су басқан тұрғын үйлердің тұрғындарын үрмелі қайықтың көмегімен қауіпсіз жерге көшірілді.
Сондай ақ, Департамент бөлімшелерінің күштер мен құралдары қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға дайындығы Министрліктің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі №502 «Азаматық қорғаудың мемлекеттік жүйесін 2023-2024 жылдардағы қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға дайындау туралы» бұйрығына сәйкес келтірілді.
Атырау облысы бойынша 141 (норма бойынша – 357 бірлік, 39,4%) өрт сөндіру техникасы бар, оның ішінде 63 негізгі (норма бойынша – 121 бірлік, 52,6 %), 21 арнайы (норма бойынша – 59 бірлік, 35,6%)және 54 көмекші (норма бойынша – 175 бірлік, 32,6%).
Жедел-құтқару жасағы мен өрт сөндіру бөлімдерінде ауа райы күрделенген жағдайда жұмылыдырылатын 77 бірлік өтілімдігі жоғары автокөліктер бар (қалада- 42 бірлік, аудандарда- 35 бірлік). Аталған өтімділігі жоғары техникалар қысқы маусымға дайын.
Атырау облысының аумағында республикалық және облыстық маңызы бар 3 052,6 шақырым автокөлік жолдары өтеді.
Анықтамалық:
республикалық маңызы бар – 1 125,6 шақырым;
облыстық, аудандық маңызы бар – 1 927 шақырым.
Cонымен қатар Атырау облысындағы аудан орталықтары республикалық маңызы бар автокөлік жолдары бойында орналасқан (Қызылқоға ауданы Миялы ауылынан басқа), аталған себепті жоғары өтімді техникаларды көшіріп, бекітуді қажет етпейді.
Республикалық және облыстық автомобиль жолдарында қозғалыстың шектелуі кезінде өзара іс-қимыл бойынша «Қазгидромет» РМК, «ҚАЖСервис», Атырау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы және «Атырау облысы Полиция департаменті» мекемелерімен жоспарлар бекітілді.
Қазіргі таңда гарнизонға қарасты әртүрлі мақсаттағы 20 бірлік ғимараттар бар. Оның ішінде 15 ғимарат табиғи газ отынымен автономды жылыту жүйесімен қамтылған, 2 ғимарат орталық жылу жүйесіне қосылған және 3 ғимарат автономды электр қазандығы арқылы жылытылады.
Қысқы дайындық бойынша барлық өрт сөндіру бөлімдерінің жылу жүйелеріне қысымды тексеру (опрессовка) жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, өрт сөндіру бөлімдерінің есік-терезелерін, шығу қақпаларын қымтау жұмыстары толықтай аяқталды.
Ағымдағы жылдың қазан айында барлық өрт сөндіру бөлімдерінің, Жедел-құтқару жасағының қысқы дайындығын тексеру кезінде автокөліктердің қымтағыш материалдары, қыздыру лампалары, факельдері, жұмсақ және қатты тростарының барына көз жеткізілді. Автокөліктерге маусымдық техникалық күтім жоспар бойынша уақытылы жүргізілуде.
Қысқы маусымға жанар-жағар маймен толықтай қамтамасыз ету үшін, 2023 жылғы қазан айында 14 999 860 теңгеге «АИ-92» 11 292 литр, «ДТ» - 43 000 литр сатып алуға конкурс жарияланды.
Халықты құлақтандыру маңызды мәселелердің бірі. Облыс аумағында халықты құлақтандыру үшін 114 құлақтандыру жүйесі бар (17 бірл. С-40, 10 бірл. – ЛСО «Вестник», 87 бірл. «Марс арсенал»).
Облыстың құлақтандыру жүйелерін жаңғырту барысында 2022 жылы жергілікті бюджет есебінен жалпы сомасы 312 млн. 667 мың 551 теңгеге, Атырау қаласы үшін тікелей телерадио хабарларын таратуды ұстап алу жабдығының 1 жиынтығы (94 млн. 547 мың 551 теңге) және 3 бірлік аудандық басқару пульті мен 31 бірлік (Жылыой ауданы 13 бірлік, Мақат ауданы 9 бірлік, Исатай ауданы 9 бірлік)құлақтандыру жүйелерінің жабдықтары сатып алынды (218 млн. 120 мың 00 теңге).
Тікелей телерадио хабарларын таратуды ұстап алу жабдықтары Атырау қалалық «Қазтелерадио» АҚФ радиотелевизиялық станциясына (22-теле, 12-радио операторларының тікелей эфирін ұстап алу мүмкіндігімен), Атырау қаласының жергілікті «TBS TV» (45-телеоператорларының тікелей эфирін ұстап алу мүмкіндігімен) және «Алма ТВ» кабелдік операторларының станцияларына орнатылды.
Департаменттің штат саны (ТЖД, «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ) 783 бірлікті құрайды, оның ішінде басшы құрам – 207 бірлік, қатардағы құрам – 535, ӘМК -12 бірлік, азаматтық – 29 бірлік.
Бос лауазым орындары – 73 (9,3%) бірлік, басшы құрам – 25 (12%) бірлік, қатардағы – 44 (8,2%) (жүргізуші -28, өрт сөндіруші -14, радиотелефоншы-2) бірлік, азаматтық – 4 (13,8%) бірлік.
Анықтамалық:2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бос лауазым орындары 136 бірлікті (15,9%) құрады, оның ішінде басшы құрам – 23 бірлік (11,2%), қатардағы – 108 бірлік (20%), азаматтық - 8 бірлік (8%).
Жыл басынан қызметке қабылданғандар 105 болса, ал босатылғандар саны – 38 бірлік (2022ж. – 63, -39,7%),оның ішінде:
теріс қылықтары бойынша – 2 (2022ж. -1, +100%);
өз еркімен – 28 бірлік (2022ж. – 41, -34,1%);
зейнеткерлікке - 8 бірлік (2022ж. – 21, - 61,7%).
А.ж. 9 айында тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар 107 қызметкер (2022ж. – 65, +64,6%).
Департаментте тәртіп, заңдылық және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыру мәселелеріне басымдық беріледі.
Ағымдағы жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша 14 іс-шара өткізілді, оның ішінде прокуратура органдары, «Аманат» партиясы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің қатысуымен 7 дөңгелек үстел және 5 жиналыс, 1 танымдық ойын, Тергеу уақытша үстау изоляторына 2 рет бару, 2 мақала жарияланды, құқықтық дайындық жүйесінде жүйелі негізде бейнефильмдер, әлеуметтік роликтер көрсетілуде. БАҚ-та Департамент пен Министрліктің сенім телефондарын жүйелі түрде басып шығарады. Жеке құрамның хабарламаларын қабылдау және проблемалық мәселелерге уақтылы ден қою үшін Интернет желісінде электрондық пошта құрылды (ok_dchs_atyr@mail.ru. осы электрондық мекен-жайға хабарламалар түскен жоқ).
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында қала/аудан Төтенше жағдайлар басқарма мен бөлім, ӨСБ, МӨСБ басшылық құрамы үшін тәрбие, идеологиялық және әлеуметтік жұмыс функцияларын жүзеге асыратын кадр бөлімшелерінің әскери бөлімдері өкілдерінің қатысуымен «Жеке-тәрбие жұмысының әдістемесі, психология негіздері» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар барысында тәжірибе алмасу жүзеге асырылды.
Радикалды және діни ағымдар идеологиясына қарсы іс-қимыл бойынша 14 іс-шара өткізілді, оның ішінде 8 кездесу, 5 жиналыс «Шапағат» диструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығының теолог-мамандарын, қалалық және аудандық мешіттердің имамдарын, «Жәрдем Атырау» қоғамдық бірлестігінің өкілдерін шақырумен, сондай-ақ өзімнің төрағалығыммен 1 сабақ өтті.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша әкімшілік полиция қызметкерлерін шақырумен 9 іс-шара өткізілді. Жыл басынан бері жеке құрам инспекциясы рейдтік іс-шараларды өткізу кезеңінде «ӨСжАҚЖҚ» ММ-нің 6 қызметкерінің жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін анықтады. Рейдтік іс-шаралардың қорытындысы бойынша 8 әкімшілік хаттама жасалды.
Алкогольді ішімдіктерді, психотроптық және есірткі заттарды қолданудың алдын алу бойынша 5 дәріс, 5 әңгіме, 10 бейнеролик көрсетілді.
Суицидтің алдын алу бойынша 6 тренинг, 2 диагностика, 4 дәріс, 4 семинар, 22 жеке әңгіме өткізілді. 5 рет 10 қызметкер отбасына үйлеріне барып аудандық бөлімшелерге шығу жүзеге асырылды (Махамбет, Индер, Мақат, Исатай, Жылыой).
Бұдан басқа, жеке құрам бойынша 4 рет аудандық бөлімшелерге (Индер, Исатай, Махамбет, Мақат) барып, жеке құраммен ЖКО, дін, спирттік ішімдіктерді тұтыну және т.б. алдын алу бойынша профилактикалық әңгімелер, саптық байқау өткізілді. Сыбайлас жемқорлық және басқа да заң бұзушылықтар фактілерінің алдын алу, жолын кесу және анықтау мақсатында тұрақты негізде жедел-профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргізіледі. Тексерулер күндіз де, түнде де кенеттен жүргізілуде. Департаменттің барлық бөлімшелері мен үй-жайлары тексеріледі. Барлығы 17 рейд жүргізіліп 5 бұзушылық анықталды, қорытындысы бойынша 3 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Есепті кезеңде тәртіптік практика мониторингіне сәйкес азаматтық қорғау органдарының 107 қызметкері (2022ж. – 65, +64,6%) тәртіптік жауапкершілікке тартылды (офицерлік құрам 77, қатардағы 30).
Жаза түрлері бойынша 43 ескерту, 34 сөгіс, 20 қатаң сөгіс, 4 қызметтік сәйкестігі туралы ескерту, 4 атқаратын қызметінен босату; 2 теріс себептермен қызметтен шығару.
Атырау облысының гарнизоны бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға қарамастан, заңдылық пен тәртіпті бұзудың 5 жағдайы тіркелді, атап айтқанда, қызметкерлердің жол қозғалысы ережелерін бұзудың 3 фактісі, қылмыстық құқық бұзушылықтардың 2 фактісі тіркелді. 2 жағдай бойынша (ЖКО, 1 қылмыстық құқық бұзушылық) қызметтік тергеу жүргізілді, оның қорытындысы бойынша кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қалған жағдайларда қызметтік тергеу басталды.
Анықтамалық:
1) 2023 жылғы 20 қаңтарда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаменті азаматтық қорғау майоры А. Ж. Бағыловқа қатысты Атырау облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ жедел кезекшісі ҚР ҚК 371-бабы 1-тармағы "немқұрайлылық" бойынша қылмыстық іс қозғады (КАЖ 232310010000002) сөндіру фактісі бойынша тұрғын үй кешенінің өрті "Гаухартас" (2 қабатты 8 пәтерлі тұрғын үй) 2022 жылғы 11 шілдеде болған.
2023 жылғы 25 наурызда Атырау облысы прокурорының қаулысымен қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды.
2023 жылғы 28 тамызда жәбірленушілердің көптеген шағымдарына байланысты Атырау облысы прокурорының бастамасымен Қылмыстық іс қайта жанданды.
2) 2023 жылғы 14 ақпанда kz 080 au 06 м/н АЦ-6-40 (Орал-5557 2018ж.в) автомашинасының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Жауынгерлік есеп Атырау қ. 3-ӨСБ-нің 5 қызметкерінен тұрды, қарауыл бастығы азаматтық қорғау аға лейтенанты Д. У. Төлепов, жүргізуші азаматтық қорғау сержанты А. К. Муслимовтың басқаруымен Атырау қаласы, Көкарна кенті, Қ. Ғабдуллин көшесі, №29 мекенжайы бойынша өрт орнына бару жолында Жастар көшесі мен Садықов көшесінің қиылысында өрт сөндіру автокөлігі "HYUNDAICRETA" маркалы автокөлікке тиіп, автомобильдің шанағына аздап зақым келтірді.
Департаменттің "ӨСжАҚЖҚ" ММ бастығының 18.04.2023ж. №214 ж/қ бұйрығымен азаматтық қорғау кіші сержанты А.К.Муслимовке «сөгіс» жарияланды.
3) 2023 жылғы 3 мамырда қызмет өткеруден тыс уақытта №5 ӨСБ қарауыл бастығы азаматтық қорғау лейтенанты Қ.Аюпов пен осы бөлімнің жүргізушісі азаматтық қорғау старшинасы Д.Орынбасаровтың арасында ауызша жанжал болып, оның барысында Д.Орынбасаров Қ.Аюповтың қолы мен кеудесі аймағына жарақат салған. Қ.Аюпов аудандық хирургия бөлімшесінің ауруханасына орналастырылып, оған тігістер орнатумен алғашқы медициналық көмек көрсетілді (аса маңызды өмірлік органдар зақымдалмады). Осы факті бойынша Индер ауданының полиция бөлімімен ҚР ҚК 106-бабы бойынша 03.05.2023 жылғы №232340031000071 бойынша СДТБТ тіркелді.
Атырау облысы Махамбет аудандық сотының 2023 жылғы 3 шілдедегі ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлігінің шешімі бойынша Д. Орынбасаров төрт жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарылды және ағымдағы жылдың 5 шілдесінде "ӨСжАҚЖҚ" ММ № 407 ж/қ бұйрығымен құқық қорғау органдарынан босатылды.
4) 5 тамызда өзінің жеке көлігімен ("Nissanrrimera" маркасымен А 168 MC/716 мырзаға (РФ тіркелген) Қызылқоға ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты А.Нұрасыл жол-көлік оқиғасына түсті. Жүргізушінің көлікті басқара алмау салдарынан көлік аударылған. Қазіргі уақытта А. Нұрасыл стационарлық емделуде.
Осы факті бойынша ҚКП жеке құрамы бойынша инспекциямен қызметтік тергеу басталды.
5) 2023 жылғы 29 қыркүйекте сағат 15 шамасында. 45 мин., Атырау облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі А. А. Айдаралиев жаяу жүргіншілер өткелінде "SsangYongActyon" маркалы қызметтік автокөлігімен (026 TG/06 м/н) М. Өтемісов көшесі, 80 мекен-жайында орналасқан 2009ж.т. С.Русланұлын қағып кеткен.
ЖКО нәтижесінде С.Русланұлы бет пен аяқ-қолдың жұмсақ тіндерінің шамалы абразияларын алды. Медициналық көмек көрсеткеннен кейін үйіне жіберілді. Кәмелетке толмаған баланың ата-анасы тарапынан шағымдар болмаған.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде тәртіпті, заңдылықты нығайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты жетілдіру және профилактикалық жұмысты ұйымдастыру мақсатында ТЖД бөлімшелерінің жеке құрамы арасында "Жауынгерлік дос" өзара бақылау жүйесін енгізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыруға, тәртіпті нығайтуға бағытталған іс-шаралар жоспарлануда.
Бүгінгі таңда Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі теңгерімінде 141 бірлік техника, оның ішінде 63 бірлік негізгі, 21 бірлік арнайы және 57 бірлік көмекші. Қолайсыз ауа-райы кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жұмыстарын жүргізетін 78 жоғары өтімді техникалары бар.
Гарнизонның материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында, 2023 жылы «Лизинг» бағдарламасы арқылы 3 млд. 551,5 млн. теңге қаражат бөлініп әр-түрлі мақсаттағы 30 бірлік автокөлік сатып алу жоспарлануда.
Анықтамалық:22 бірлік өрт сөндіру автокөлігі (АЦ), 1 бірлік – авариялық-құтқару көлігі (АСА-20), 1 бірлік – байланыс және жарықтандыру автокөлігі (АСО), 2 бірлік - жанар-жағар май тасымалдайтын автокөлік (топливозаправщик), 1 бірлік – адамдарды тасымалдайтын автокөлік, 1 бірлік- манипулятор, 1 бірлік – механикаланған сатысымен өрт сөндіру автокөлігі (АЦЛ-30), 1 бірлік тенттік Камаз.
2023 жылы жалпы қарастырылған қаражаттың 852 млн. 380 мың теңгесіне жоспарланған техниканың 30 % жеткізіледі.
Сондай-ақ, 2023 жылға өрт сөндіру бөлімдеріне қажетті техникалар мен жарақтарды сатып алуға 704,9 млн. теңге қаражат бөлініп, 5 бірлік техника (1 бірлік автосаты, 2 бірлік «Трэкол» жоғары өтімді автокөлігі, 2 бірлік «JAC Sunray» жылдам әрекет ету автокөлігі) және әр-түрлі мақсаттағы саймандар сатып алуға конкурс жарияланды.
Сонымен қатар, Атырау қаласы Балықшы ауданынан 4 шығуға арналған өрт сөндіру депосын салу және ЖСҚ әзірлеу үшін РБ және ЖБ дан 2023-2025 жылдарға 725 млн. теңге қаражат қарастырылды. Бүгінгі таңда депоны салуға арналған 4 га. жер телімнің құжаттары мен жерге орналастыру проектісі әзірленуде.
Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылы, Мақат ауданы Доссор кенті, Құрманғазы ауданы Бөкейхан, Сүйіндік ауылдарына ангар тәріздес 2 шығысты өрт сөндіру депосын салу үшін жергілікті бюджет есебінен 137 млн. теңге қаражат қарастырылып конкурсқа жарияланды.
«Атырау облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарына» сәйкес құлақтандыру жүйелерімен жарақтандыруға 407 млн. 700 мың теңге және цифрлық байланыс құралдарымен жарақтандыруға 54 млн. 500 мың теңге бөлу қарастырылған.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті ғимаратының авариялық жағдайда болып танылуына байланысты, жергілікті атқарушы органдардың келісімімен Полиция департаментінің бұрынғы ғимаратын алдағы уақытта Төтенше жағдайлар департаментінің теңгеріміне беру жоспарлануда. Ғимаратқа ТЖД, «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ, ӨҚД аппарат басқармасының қызметкерлері орналасатын болады.
Құрметті, Сырым Дүйсенғазыұлы! Алдағы уақытта облыста табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, оның ішінде өрт қауіпті кезеңде өрттерді болдырмау және судағы қауіпсіздікті жандандыруіс-шаралары ұйымдастыру және атқару қатаң бақылауда болады. Жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, заң талаптары мен әскери тәртіпті сақтау бойынша жұмыстары жалғасын табатынына сізді сендіремен.
Баяндама аяқталды, назарларыңызға рахмет!