Құрметті Атырау қаласының тұрғындары Сіздерге Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Халықаралық сыныптағы құтқарушы» сыныптық біліктілігіне кандидаттарды іріктеу өткізілетіндігі туралы хабарлайды. Кандидаттарға қойылатын талаптар: 1-сыныпты құтқарушы маман ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар, қызметтің барлық кезеңінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде кемінде үш рет халықаралық құтқару жұмыстарына немесе оқу-жаттығуларға қатысқан, дене шынықтыру даярлығы бойынша «жақсы» бағасынан төмен емес шекті нәтижелерге қолжеткізген және B1 (intermediate) және/немесе одан жоғары ағылшын тілі курстарының сертификаты болуы керек.
Осы талаптарға сай болсаңыз Атырау облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасына жолығуыңыз сұралады:тел: 55-83-05 хабарласыңыз.