Азаматтық қорғау органдарына қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеуге ХАБАРЛАНДЫРУ

«Қазақстан  Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Атырау қаласы)» мемлекеттік мекемесі азаматтық қорғау органдарына қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеуге құжаттарқабылданып жатқанын жариялайды.

            Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласуға болады: 060003, Атырау қаласы, Баймуханов 54 «А», анықтама үшін телефондар: (87122) 36-13-49, (87122), 36-05-78 /кадр саясаты бөлімінің ішкі номер 12725/,  E-mail: ok_spasr_atyr@emer.kz

Өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері (C-SV-13) – 34 бірлік:

  • №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру атомобильдерінің жүргізуші-қызметкері (Атырау қ.) – 5 бірлік
  • №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру атомобильдерінің жүргізуші-қызметкері (Құлсары қ.) – 7 бірлік
  • №3 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру атомобильдерінің жүргізуші-қызметкері (Атырау қ.) –

 5 бірлік

  • №8 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру атомобильдерінің жүргізуші-қызметкері (Мақат ауданы) - 1 бірлік
  • №9 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру атомобильдерінің жүргізуші-қызметкері (Жаңа Қаратон кенті) –2 бірлік
  • №12 өрт сөндіру бекетінің өрт сөндіру атомобильдерінің жүргізуші-қызметкері (Сағыз станциясы) –1 бірлік
  • №13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімініңөрт сөндіру атомобильдерінің жүргізуші-қызметкері (Атырау қ.) – 8 бірлік
  • №14 өрт сөндіру бөлімініңөрт сөндіру атомобильдерінің жүргізуші-қызметкері (Атырау қ.) – 5 бірлік

Функционалдық міндеттері:

            Қарауыл қызметін атқару. Өрттерді сөндіру мен авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу. Жауынгерлік дайындық, дене дайындығы мен психологиялық дайындықты үнемі ұстау.

            Жауынгерлік кезекшілікке түсу кезінде өрт – техникалық қару – жарақтарға күтім көрсету, оларды талапқа сай қолдануды және белгіленген мерзімде күтім көрсетуді қамтамасыз ету.

Лауазымдық жалақы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 91 541 теңгеден 110 500 теңгеге дейін.

            Іріктеуге қатысушыға қойылатын талаптар: білімі ортадан төмен болмауы, В, С және одан да басқа санатты жүргізуші куәлігі бар, лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті бейімінің, шеберлігі мен дағдысының болуы қажет; әскери-оқыту резерв дайындығы бойынша Қорғаныс Министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери қызметті және жауынгерлік дайындықты өту, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әскери қызметке шақыру кейiнге қалдырылған немесе әскери қызметтен босатылған, жасы 35-тен аспауы керек.

Іріктеуге қатысатын үміткер Қазақстан Республикасының азаматы болу,  «Қазақстан  Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Атырау қаласы)» мемлекеттік мекемесі кадр саясаты бөліміне хабарлама шыққаннан кейін құжаттары тапсыру қажет.

Іріктеуге қатысуға ниет білдірген азаматтар ТЖМ аумақтық бөлімшелері, мемлекеттік мекемелерінің кадр қызметіне қолма-қол тәртіпте құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімдерінде қоса берілетін құжаттар тізбесін көрсете отырып, құжаттар тігетін мұқабасына орналастырылған келесі құжаттарды тапсырады:

      1) Нысан бойынша бос лауазымға орналасуға арналған іріктеуге қатысуға өтініш;

      2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) білім туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ "Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 352 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23626 болып тіркелген)

1-қосымшадағы Білім туралы құжаттарды тану қағидаларына сәйкес білім туралы құжаттарды тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжаттар (наториалды куәландырылған);

      4) Нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толық өмірбаян;

      5) әскери билет немесе тіркеу куәлігі;

      6) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес кандидаттың еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса);

      7) 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті фотосуреттер (6 дана);

      8) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсынғанын растайтын құжаттар;

      9) Нысан бойынша кандидаттың сауалнамасы;

      10) Нысан бойынша кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы.

Құжаттар пакетін толық ұсынбау оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

(C-SV-13) категориясы бойынша Конкурсқа қатысу үшін үміткерлерді іріктеу келесі этаптардан тұрады:

  1. Азаматтардан құжаттарды қабылдау және олардың біліктілік талаптарына сәйкес келуін алдын – ала қарастыру;
  2. Әскери дәрігерлік комиссияда медициналық және психофизиологиялық куәландырудан өту, соның ішінде полиграфологиялық зерттеу
  3. Іріктеу өткізу талаптарына сәйкес үміткерлермен дене шынықтыру бойынша нормативтерді тапсыру:

1) ерлер:

     -    таңдауы бойынша – 100 метр қашықтыққа жүгіру, немесе сырғымалы жүгіру  (10 метр 10 реттен);

  • таңдауы бойынша – белтемірде тартылу, немесе бөренеге тіреліп денені көтеру;
  • таңдауы бойынша – 1000 метр қашықтыққа жүгіру, немесе кешенді күштік жаттығулар (жатқан қалпында көтерілу, жатқан қалпынан толық отыру қалпына келу, толық отыру қалпынан секіру, денені арқамен жатқан қалпынан көтеру);

      2) әйелдер:

  • таңдауы бойынша – 100 метр қашықтыққа жүгіру, немесе сырғымалы жүгіру (10 метр 10 реттен);
  • таңдауы бойынша – арқамен жатқан қалпынан денені көтеру, немесе жатқан қалпынан көтерілу;
  • таңдауы бойынша – 1000 метр қашықтыққа жүгіру, немесе жатқан қалпынан секіру.
  1. Үміткерлермен әңгімелесу.

Барлық кезеңдерден өткен үміткер алғашқы кәсіптік даярлықтан өту үшін Ақтөбе қаласында орналасқан оқу орталығында курстан өтеді.

Лауазымдар бойынша:  жүргізушілер даярлау бағыты бойынша тыңдаушылар үшін оқу мерзімі күнтізбелік 14 күн.

Конкурсқа қатысу бойынша барлық шығынды (байқау өткізілетін жерге жету және кері қайтуға жол шығыны, тұрғын үй жалдау, тұру) азаматтардың жеке қаражаты есебінен шығарады.

 

Азаматтық қорғау органдарына қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеуге ХАБАРЛАНДЫРУ
Дата публикации
03 февраля 2023