ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің (Атырау қаласы М. Баймұханов көшесі 54 а.) мәжіліс залында аттестаттау комиссиясының отырысы өткізіледі.
Қызметтің аудандық өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері үшін 2022 жылғы 26 мамырда сағат 10:00-де, қалалық өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері үшін 2022 жылғы 27 мамырда сағат 15:00-де аттастаттау комиссиясы мүшелерімен сұхбаттасу өткізіледі.
Кадр саясаты бөлімі