Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті
060003, Атырау қаласы, Әуезов көшесі 53 «А», анықтама үшін телефондар: (87122)55-83-04, 45-01-60, E-mail: ok_dchs_atyr@emer.kz
«Б» корпусындағы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды.
Функционалдық міндеттері: Департамент қызметінде заңдылықтың сақталуын және оның құқықтық мүддесін қорғауды қамтамасыз етеді.Департаментте дайындалатын құқықтық сипаттағы бұйрықтар, нұсқаулықтар, ережелер және өзге де актілер жобаларына құқықтық сараптаманы жүзеге асырады, сондай-ақ, қажет болған жағдайда осы құжаттарды дайындауға қатысады. Департаментте қолданыстағы заңнамалар туралы және оларды қолдану тәртібін түсіндіру, даулы жұмыстарда құрылымдық бөлімшелерге құқықтық көмек көрсету, сот органдарына қажетті материалдарды дайындау және беру сияқты құқықтық жұмыстарға әдістемелік басшылық етуді қамтамасыз етеді. Сотта, сондай-ақ, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда құқықтық мәселелерді қарау кезінде Департаменттің мүддесін қорғайды.Департаменттің құрылымдық бөлімшелеріне заңгерлік көмек көрсетуді, қызметкерлерге құқықтық мәселелер бойынша кеңес беруді ұйымдастырады. Топқа жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпараттар мен мәліметтерді алуға облыс аумағында орналасқан аймақтық органдарға, орталық атқарушы органдардың бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдарға, кәсіпорындар мен ұйымдарға сұраныстар жіберуді жүзеге асыруға ұсыныстар енгізеді. Департамент басшыларына функциясын қамтамасыз ететін бөлімнің қызмет бағыттары мен түрлерін дамыту және жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.Қызметтік этика ережесін және еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтауға міндетті. Департамент басшыларына тобының жұмыс барысы мен жағдайы туралы баяндайды.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық жалақысы
|
Санаты |
Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты |
|
|
|
min |
max |
|
С-O-5 |
186 632 |
229 492 |
Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық. Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті сурет пен 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарды конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күн ішінде жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде ұсынуына болады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінде өтеді.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.
Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
«Б»корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені ______________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
Мекен жайы: ______________________
Байланыс телефоны: ______________________
e-mail: ______________________
ЖСН: ______________________
_________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
3-қосымшасы
Нысан
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»
|
________________________________________ |
|
|||
|
_______________________________________
|
||||
|
_______________________________________ (жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный идентификационный номер) |
||||
|
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ |
||||
|
1. |
Туған күні және жері / Дата и место рождения |
|
||
|
2. |
Ұлты (қалауы бойынша) / Национальность (по желанию) |
|
||
|
3. |
Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы / Семейное положение, наличие детей |
|
||
|
4. |
Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы / Год окончания и наименование учебного заведения |
|
||
|
5. |
Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) / Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии) |
|
||
|
6. |
Шетел тілдерін білуі / Владение иностранными языками |
|
||
|
7. |
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / Государственные награды, почетные звания (при наличии) |
|
||
|
8. |
Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) / Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии) |
|
||
|
9. |
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) / Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии) |
|
||
|
10. |
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) / Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими) |
|
||
|
|
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ |
|||
|
|
Күні / Дата |
қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері / должность*, место работы, местонахождение организации |
||
|
|
қабылданған / приема |
босатылған / увольнения |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
_____________________ |
_______________ |
||
* Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады