Атырау облысында ТЖД өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері лауазымына жұмысқа шақырады

«Қазақстан  Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі азаматтық қорғау органдарына қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеуге құжаттар қабылданып жатқанын жариялайды.

            Барлық сұрақтар бойынша мына мекен жайға хабарласуға болады: 060003, Атырау қаласы, Әуезов  53 «А», анықтама үшін телефондар: (87122) 45-01-01, /Кадр және тәрбие жұмысы басқармасының ішкі номер 12111/,  E-mail: ok_dchs_atyr@emer.kz

Өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері (C-SV-13) – 3 бірлік:

Функционалдық міндеттері:

            Өрт сөндіру автомобилінің жүргізушісі: оған бекітілген өрт сөндіру автомобилінің тактикалық техникалық сипаттамасын, мақсатын, құрылысын, жұмыс істеу қағидатын, сондай-ақ өрт сөндіру бөлімінің шығу ауданын, су көздерін, жолдар мен өту жолдарын біледі;
      жол қозғалысы ережелерінің талаптарын орындайды және бөлімнің жарақтануында бар барлық типті өрт сөндіру автомобильдерін әртүрлі жол және метеорологиялық жағдайларда басқара  алады;
      барлық арнайы агрегаттар мен механизмдерде, сондай-ақ арнайы автомобильдерде орнатылған радиостанцияларда жұмыс істей біледі, өрттерде және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде іс-қимыл жүргізу жағдайларында олардың техникалық және тактикалық мүмкіндіктерін толық көлемде пайдалана біледі;

      қызмет өткеру, өрт сөндіру автомобильтерін пайдалану, оларды жөндеу және ТҚ барысында қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария қағидаларын орындайды;
      ұйқыға жатқанға дейін қарауыл ішкі наряд адамдарының міндеттерін
орындайды;
      бекітілген техникалардың барлық ақаулықтары туралы бөлімше командиріне баяндайды және оларды жою бойынша дереу шаралар қабылдайды.
       Өзімен бірге жүргізуші куәлігі мен оған бекітілген өрт сөндіру
автомобильдерін жүргізу құқығына куәлігі жоқ жүргізуші кезекшілікке
жіберілмейді.
       Жүргізушіге басқа адамдарға, өзі бағынатын адамдарды адамдарды
қоса алғанда көлік құралдарын басқаруға беруге және өрт сөндіру
автомобилінің оталдыру құлпында оталдыру кілтін қалдырып кетуге тыйым
салынады.

Лауазымдық жалақы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 175 261 теңгеден 215 548 теңгеге дейін.

Іріктеуге қатысушыға қойылатын талаптар: білімі ортадан төмен болмауы, В, С және одан да басқа санатты жүргізуші куәлігі бар, лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті бейімінің, шеберлігі мен дағдысының болуы қажет; әскери-оқыту резерв дайындығы бойынша Қорғаныс Министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери қызметті және жауынгерлік дайындықты өту, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әскери қызметке шақыру кейiнге қалдырылған немесе әскери қызметтен босатылған, жасы 35-тен аспауы керек.

Іріктеуге қатысатын үміткер Қазақстан Республикасының азаматы болу,  «Қазақстан  Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі Кадр және тәрбие жұмысы басқармасы хабарлама шыққаннан кейін құжаттары тапсыру қажет.

Іріктеуге қатысуға ниет білдірген азаматтар ТЖМ аумақтық бөлімшелері, мемлекеттік мекемелерінің кадр қызметіне қолма-қол тәртіпте құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімдерінде қоса берілетін құжаттар тізбесін көрсете отырып, құжаттар тігетін мұқабасына орналастырылған келесі құжаттарды тапсырады:

      1) Нысан бойынша бос лауазымға орналасуға арналған іріктеуге қатысуға өтініш;

      2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) білім туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ "Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 352 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23626 болып тіркелген) 1-қосымшадағы Білім туралы құжаттарды тану қағидаларына сәйкес білім туралы құжаттарды тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжаттар (наториалды куәландырылған);

      4) Нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толық өмірбаян;

      5) әскери билет немесе тіркеу куәлігі;

      6) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес кандидаттың еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса);

      7) 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті фотосуреттер (6 дана);

      8) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсынғанын растайтын құжаттар;

      9) Нысан бойынша кандидаттың сауалнамасы;

      10) Нысан бойынша кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы.

Құжаттар пакетін толық ұсынбау оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

(C-SV-13) категориясы бойынша Конкурсқа қатысу үшін үміткерлерді іріктеу келесі этаптардан тұрады:

  1. Азаматтардан құжаттарды қабылдау және олардың біліктілік талаптарына сәйкес келуін алдын – ала қарастыру;
  2. Әскери дәрігерлік комиссияда медициналық және психофизиологиялық куәландырудан өту, соның ішінде полиграфологиялық зерттеу
  3. Іріктеу өткізу талаптарына сәйкес үміткерлермен дене шынықтыру бойынша нормативтерді тапсыру:

 ерлер:

     - таңдауы бойынша – 100 метр қашықтыққа жүгіру, немесе сырғымалы жүгіру  (10 метр 10 реттен);

  • таңдауы бойынша – белтемірде тартылу, немесе бөренеге тіреліп денені көтеру;
  • таңдауы бойынша – 1000 метр қашықтыққа жүгіру, немесе кешенді күштік жаттығулар (жатқан қалпында көтерілу, жатқан қалпынан толық отыру қалпына келу, толық отыру қалпынан секіру, денені арқамен жатқан қалпынан көтеру);
  1. Үміткерлермен әңгімелесу.

Барлық кезеңдерден өткен үміткер алғашқы кәсіптік даярлықтан өту үшін Ақтөбе қаласында орналасқан оқу орталығында курстан өтеді.

Лауазымдар бойынша:  өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкерлерін даярлау бағыты бойынша тыңдаушылар үшін оқу мерзімі күнтізбелік 14 күн.

Конкурсқа қатысу, аумақтық оқу орталығына бару және келу жол ақысы, сонымен қатар тағылымдамадан өту кезінде нысандық киім кешекпен қамтылу бойынша барлық шығынды азаматтардың жеке қаражаты есебінен шығарады.

 

 

Дата публикации
04 мая 2026