
Астанада Наурызнама онкүндігінің аясында «Алтын» және «Күміс» шаңырақ иелерімен қызметкерлердің жас отбасыларымен кездесуі өтті.
Бұл күн қазақ халқы мен оның мәдениеті байлығы мен ұрпақтар сабақтастығын көрсететін құндылықтарға арналуда.
Мереке және Рахия Рахимовтардың отасқандарына 59 жыл. Рахия Кәкімқызы азаматтық қорғау органдарының ардагері, көп жылдар бойы еңбегі сіңген құрметті тұлға.
Ал, Сейілбек және Нұргүл Рахметовтар отбасы бүгінде 29 жылдан асқан өнегелі отбасы. Елордада өткен Мерейлі отбасы байқауының жүлдегері. Үлгілі отбасы қазір №8 өрт сөндіру бөлімінде қарауыл бастығы және есеп технигі қызметін атқаруда.
Одан бөлек, музей меңгерушісі Құралай Тұяққызы да іс-шараның қатысушыларына ізгі тілектерін білдірді.
Жас отбасыларға махаббат, құрмет, сенім, өзара көмек, мейірімділік, түсіністік сияқты отбасылық құндылықтарды насихаттауға арналған бұл шара жастар үшін танымды өнегелі шара болды.
Шара барысында әр шаңырақтың керегесі кең, терезесі тең болуына тілек білдіріп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге шақырды.
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі