
Бүгін – наурызнаманың бастауы болып есептелетін Амал мерекесі.
Осы Наурызнаманың алғашқы күні елордалық құтқарушылар «Бір жасың құтты болсын», яғни «Тағы бір жылыңмен құттықтаймын» деген сөздерді айтып, өзара аман-саулықтарын сұрасып, қол алысып, бір-біріне құрмет көрсетті. Бұл дәстүрдің мәні – қыстан аман-есен өтіп, көктемді қарсы алып, жақын адамдарымен бірге болу мүмкіндігіне шын жүректен қуану.
Қалың қазақ қол алысып, төс қағыстыратын ата-дәстүр – Амал мерекесі құтты болсын!
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі