Елордада су тасқынына қарсы шаралар белсенді жалғасуда

Елордада су тасқынына қарсы шаралар белсенді жалғасуда

Байқоңыр ауданы әкімі Талғат Рахманберді су тасқынына қарсы шаралар аясында арнайы техникалардың дайындығын тексерді.

Басты мақсат – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және табиғи апаттың алдын алу.

Аралау барысында арнайы техникалардың дайындығымен қатар, саптағы мамандардың жұмыс барысы да қаралды. Сонымен қатар, тиісті   мекеме өкілдері мен жауапты мамандарға бірқатар тапсырмалар жүктелді.

Бүгінгі таңда Байқоңыр ауданы бойынша су тасқынына қарсы шаралар аясында арнайы штаб жасақталған.

 

 

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі