Су тасқыны кезеңіне дайындық: алдын алудың кешенді шаралары

Су тасқыны кезеңіне дайындық: алдын алудың кешенді шаралары

Өңірлерде су басу қаупін азайтуға бағытталған алдын алу жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Осылайша, су тасқыны кезеңінен қауіпсіз өту аясында елордалық ТЖД қызметкерлері Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманберді, аудан прокурорының орынбасары, сондай-ақ «Қазгидромет» РМК мамандарымен бірлесіп Ақмола облысы Қоянды ауылының саяжай учаскелеріне барды.

Бұдан басқа, Аршалы ауданы ТЖБ қызметкерлерімен бірлесіп, су тасқыны жағдайын мониторингілеу мақсатында Жібек Жолы ауылына шығу жүзеге асырылды. Бүгінгі таңда бұл ауылды тасқын сулардан қорғау үшін ұзындығы 6,277 шақырым, биіктігі 2-ден 5,3 метрге дейін және ені 12-ден 34 метрге дейін бөгет салу жұмыстары жүргізілуде.

Осы шаралардың барлығы халықтың қауіпсіздігін арттыруға және ықтимал су тасқынынан болатын залалды барынша азайтуға бағытталған.

 

 

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі