Астанада «Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні» өтті

Астанада «Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні» өтті

Елордалық ТЖД қызметкерлері мектеп оқушыларына өрт қауіпсіздігі ережелерін жеткізді.

Республика көлемінде өтіп жатқан акция аясындағы кездесудің басты мақсаты – білім беру мекемелерінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мәселесіне назар аудару.

Шара аясында оқушыларға төтенше жағдай туындаған кездегі дұрыс әрекет ету дағдылары түсіндіріліп, эвакуациялау жаттығулары, интерактивті сабақтар және тестілеу ұйымдастырылды. Сонымен қатар, М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу бойынша толыққанды ақпарат ұсынылды.

 

 

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі