
Су тасқыны қаупі бар учаскелерде тұратын тұрғындармен профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.
Бұл аула аралау жұмыстары жеке үйлердің су басуының алдын алу мақсатында жүргізілді. Рейдтік іс-шаралар барысында 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне уақтылы дайындық қажеттілігі туралы ұсынымдық сипаттағы 100-ден астам ақпараттық материалдар таратылды.
Бұдан бөлек, «Сарыарқа» ауданының жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлерімен және «Астана Жастары» Жастар ресурстық орталығының еріктілерімен бірлесіп, жалғыз тұратын зейнеткерлердің аула аумақтары қардан тазартылды.
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі