Астанада ардагерлерді мерейтойларымен құттықтады

Астанада ардагерлерді мерейтойларымен құттықтады

Елордалық Департамент бастығы Марат Күлдіков бірқатар ардагерлерді мерейтойымен құттықтады.

Қаңтар айында Астана қаласы ТЖД ардагерлері Бейсекеев Акан Балтабайұлы және Бекибаев Жаңалық Қаратайұлы 65 жас, Козин Николай Николаевич және Бойко Геннадий Викторович 60 жас, Кушкумбаев Ермек Балташұлы мен Өмірзақова Алла Елкеновна 55 жас, Ұсабай Төлеген Темешұлы 50 жас мерейтойын атап өткен.

Салтанатты шара барысында Ардагерлер ұйымының төрағасы Қанатбек Аденов және Департамент бастығы Марат Күлдіков мерейтой иелеріне ізгі тілектерін білдіріп, құттықтау хаттарымен марапаттады. Сонымен қатар, ардагерлердің көп жылдық еңбегі мен  азаматтық қорғау саласына қосқан зор үлестерін атап өтті.

Өз кезегінде, ардагер Геннадий Викторович көрсетілген құрмет пен жан-жақты қолдау үшін өз ризашылығын білдірді.

 

 

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі