ТЖДы көппәтерлі тұрғын үйлерді аралау жұмыстарын жүргізуде

ТЖДы көппәтерлі тұрғын үйлерді аралау жұмыстарын жүргізуде

Астана қаласы ТЖД қызметкерлері өрттің алдын алу мақсатында Алматы ауданы көппәтерлі тұрғын үйлерді аралау жұмыстарын жүргізуде

Осылайша, өрт сөндірушілер Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылы 36/2 мекенжайында орналасқан көппәтерлі тұрғын үй кешенінде профилактикалық іс-шара ұйымдастырды. Аралауға құтқарушылардан басқа, аудан әкімдігінің өкілдері мен Алматы ауданы полиция басқармасының қызметкерлері қатысты. Акция барысында мамандар тұрғын үйді өрт қауіпсіздігі бойынша кемшіліктерді анықтау үшін тексерді, өртке қарсы жүйелердің жарамдылығын тексерді, тұрғындармен профилактикалық әңгіме жүргізді, оларға жадынамалар табысталды.

Жыл басынан бастап елорданың көппәтерлі тұрғын үйлерінде 89 өрт оқиғасы тіркелген, бұл ретте көп жағдайда өрттің пайда болуының басты себебі адами фактор болып саналады.