
Елордалық құтқарушы Теміртасов Ходжимурат қоян қолтық ұрысынан Қазақстан чемпионатында күміс медаль жеңіп алды.
Чемпионат ағымдағы жылдың 12-14 шілде аралығында Атырау қаласында өтті, оған 400-ге жуық спортшы және еліміздің 18 облысы мен республикалық маңызы бар қалалар қатысты.
Хаджимурат Теміртасов - Астана ТЖД 9-ӨСБ өрт сөндіруші құтқарушысы, азаматтық қорғау сержанты. Азаматтық қорғау органдарында 2022 жылдан бастап жұмыс істейді.
Қоян-қолтық ұрысынан спорт шеберіне кандидат, қазақша күрестен Қазақстан Республикасы чемпионатының қола жүлдегері, дзюдодан Азия Кубогының күміс жүлдегері және Ресей Федерациясының Омбы қаласында Еуропа Кубогының чемпионы жетістіктері бар.
Сондай-ақ, чемпионатта елордалық 5-МӨСБ бастығының орынбасары азаматтық қорғау капитаны Тұрсын Назымхан ерекше рөл атқарды, онда ол ТЖМ командасының жаттықтырушысы болып, команданың сапалы дайындығына, өнер көрсетуіне және жеңісіне барынша ықпал етті.