
Астана күнін мерекелеу шеңберінде салтанатты іс-шара барысында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов елордалық құтқарушыларға жиырма қызметтік пәтердің кілтін табыс етті.
TENGRI» тұрғын үй кешенінде орналасқан бір бөлмелі және екі бөлмелі пәтерлердегі жаңа қоныстанушылар Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өрт сөндірушілері, құтқарушылары мен бөлімше командирлері.
ТЖМ басшысы Шыңғыс Әрінов жаңа қоныстанушыларды жаңа пәтерлерімен құттықтап, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен азаматтық қорғау жүйесінің әскери қызметшілерін, өрт сөндірушілері мен құтқарушыларын әлеуметтік қорғауды жақсарту бағдарламасы іске асырылуда екенін айтты.
Еске сала кетсек, жыл басынан бастап елордалық құтқарушыларға 50 пәтер кілті табысталған.
2024 жылғы 6 айда құтқарушылапр 190 авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізген және 276 адам құтқарылып, эвакуацияланған.