Елордалық ТЖД БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Елордалық ТЖД БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Астаналық ТЖ департаментінде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнінде БАҚ өкілдерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шара барысында Астана қаласы ТЖД бастығы Марат Күлдіков бірқатар БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың қызметінің маңыздылығын атап өтті.

Азаматтық қорғау органдарының жұмысын белсенді жариялап, ТЖ-дың алдын-алу мен жою саласында атқарған жемісті еңбектері үшін  «Астана қаласы әкімдігінің баспасөз және ақпаттық саясат бөлімінің, Коммуникация қызметінің қызметкерлері, Elorda.info ақпараттық порталының журналисттері Салтанат Жакупова, Сабина Арыстан, «Астана ақшамы» газетінің тілшісі Гүлбаршын Өтешқызы, «Вечерняя Астана» газетінің тілшісі Екатерина Тыщенко, Максим Удод  Департамент бастығының грамотасымен марапатталды.

Құрметті БАҚ қызметкерлері сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!