
Мектеп оқушыларының жазғы демалыс уақыттарында өрт сөндіру бөліміне келуі дәстүрге айналған. Бүгінде құтқарушының жауынгерлік киімін киіп, өрт сөндіру көлігінің тізгініне отырып, төтенше жағдайлар қызметкерлерімен тіл табысқысы келмейтін бала жоқ шығар.
200-ден астам мектеп оқушылары Астана қаласы № 6 және № 4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдеріне келді.
Балаларға өрт сөндірушілердің қалай жұмыс істейтіні, бөлімдерде қандай авариялық құрал-жабдықтар орналасқаны және өрт сөндіру түтігі арқылы судың қалай берілетіні көрсетілді. Өрт сөндіргіштердің түрлері қандай жағдайларда қалай қолданылатын түсіндірді. Барлығы жауынгерлік өрт сөндіру машиналарының кабинасына отырып, сиреналардың дыбысын тыңдай алды.
Бірде-бір экскурсия профилактикалық әңгімесіз өтпейді: мектеп оқушыларына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, жедел жәрдем шақырудың дұрыс алгоритмі және сіріңкемен ойнауға болмайтыны туралы ескертілді.