Елордада «Жас құтқарушылар» жарысы өтті

Елордада «Жас құтқарушылар» жарысы өтті

Балалар жас мөлшеріне байланысты оларды күтіп тұрған қауіп-қатер дәрежесін өз бетінше бағалай алмайды. Сондықтан да ересектер оларға өз өмірлерін қорғау туралы қажетті білім беруі қажет. Осы мақсатта Астана қаласы ТЖ департаменті төтенше жағдай туындаған кезде балаларды тіршілік әрекетінің негіздеріне, қауіпсіздік шаралары мен ережелеріне оқыту бойынша түрлі іс-шаралар жүргізуде.
Мәселен, 24 мамырда "Құтқарушы" спорт кешенінің аумағында оқушылар арасында Жас құтқарушылардың қалалық жарысы өтті. Салтанатты жағдайда іс-шараны елордалық ТЖД бастығының орынбасары полковник  Алдабеков Дастан Жиреншеұлы ашты.
Жарыстар өрт-құтқару спортының барлық бағыттары және құтқару дағдыларына үйрету бойынша өткізіледі, атап айтқанда: психологиялық тестілеу; "визит карточкасы" конкурсы; "Жас құтқарушылар" командалары арасында үздік әнұран, ту, сәйкес киім-кешек және өздерін таныстыруға арналған конкурс; "газет-жарнама қалқаны" конкурсы; алғашқы көмек көрсету" және  авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу; техногенді апат аймағындағы құтқару жұмыстары, табиғи орта жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары, су акваториясындағы құтқару жұмыстары", өрт сөндіру эстафетасы, Александровтың соңын лақтыру және т.б. барлық нормативтер ғана емес, жаттығуларды  дұрыс аяқтаулары да  қаралатын болады.
Жарыс қорытындысы бойынша 15 команда арасында тартысты күресте №48 мектеп-лицейінің жас құтқарушылары жеңіске жетті, №59 мектеп-лицейінің командасы екінші жүлделі орынды және №82 Дарын мектеп-лицейдің жас құтқарушылары үшінші орынды иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен, медальдармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жарыстың негізгі мақсаттары мен міндеттері - өскелең ұрпақпен жұмыс істеудің жаңа формалары мен әдістерін енгізу. Өрт немесе басқа да төтенше жағдайлар туындаған жағдайда тіршілік қауіпсіздігі мәселелеріне, дұрыс әрекет ету дағдыларына, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге үйрету. Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, педагогтардың назарын төтенше жағдайлардың алдын алу проблемаларына аудару, балалардың тентектігінен орын алатын төтенше жағдайлар, балалардың тіршілік қауіпсіздігі ережелерін білмеуіне, төтенше жағдайларда әрекет ете алмауына байланысты. Балалар мен жастарды адамды дайындауға бағытталған қолданбалы спорт түрлерімен айналысуға тарту.
Ал өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығына ұмтылған балалардың мектеп бітіргеннен кейін ТЖ алдын алу және жою саласында мамандар даярлайтын ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына түсуге мүмкіндігі бар.