
Астанада «Қорғау-2024» республикалық штабтық жаттығу аясында эвакуациялық жинау пункттері дайындыққа келтірілді
Эвакуациялық іс-шаралар Қазақстан Республикасының халқын, объектілерін және аумағын қорғау бойынша азаматтық қорғаныстың маңызды іс-шараларының бірі болып табылады.
Осы мақсатта, елорда аумағында төтенше жағдайлар туындаған жағдайда эвакуацияланатын халықты жинауға, тіркеуге және жөнелтуге арналған 111 құрама эвакуациялық жинау пунктері анықталды.
«Қорғау-2024» Республикалық штабтық жаттығуы шеңберінде Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ЭЖП әкімшілігімен бірлесіп, № 32, 87, 88, 17, 40 мектептердің базасында құрылған № 6, 46, 59, 63, 91 эвакуациялық жинау пунктерінін өрістету бойынша көрнекі жаттығулар ұйымдастырылды.
Бұл ретте, елорданың эвакуациялық жинау пункттерінің әкімшілігіне эвакуациялық органдардың жұмыс істеуінің негізі сәттері жеткізілді.