6 мамырда Елордалық ТЖ департаментінде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.
Департамент бастығы Марат Күлдіков салтанатты түрде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін құттықтап, ерекше көзге түскен қызметкерлерге ведомстволық наградаларды тапсырды. Нұра ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Елдос Батталовқа «полковник» және елордалық 24-МӨСБ бастығы Дархан Алимбаевқа «майор» арнаулы атағы мерзімінен бұрын берілді. Жедел-құтқару жасағының кинология бөлімінің бас құтқарушысы Константин Богданов "Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдағы ерекшелігі үшін" төсбелгісімен марапатталды.
Сондай-ақ бірқатар қызметкерлер ҚР ТЖМ грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
Іс-шара барысында Департамент қызметкерлері ТЖД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қанатбек Аденов Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтады.