Суға батқан баланы құтқарды

Суға батқан баланы құтқарды

Мамыр айының басынан бастап құтқарушылар күнделікті және демалыс күндері полицейлермен, волонтерлермен бірлесе отырып, рұқсат етілмеген суға шомылу орындары бойынша рейдтер жүргізеді, үгіт материалдарын таратады және су айдындарында демалатын балықшылармен әңгіме өткізеді. Сонымен, 26 мамыр күні Есіл өзенінің жағалауын кезекті патрульдеу барысында Ататүрік саябағының маңында, Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Байқоңыр ауданы ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау майоры Әсел Ысқақова, өзен маңында демалушы балаларды байқап, оларға алдын алу әңгіме жүргізу кезінде адамның батып бара жатқандығы туралы көмек көрсету айқайларын естіді.

Жүгіріп келген Әсел суда екі ер бала жағадан 3-4 метр қашықтықта  екенін байқаған. Олардың бірі суға батып, екіншісі көмектесуге тырысып жатқанын байқаған  Әсел   баланы құтқару үшін суға жүгірді. Осы уақытта жақын жерде демалатын жасөспірімдер тобы да көмекке келіп жетеді,  жасөспірімдердің бірі уақытты кетірмей, суға секіріп, құтқаруға әрекетін жасай бастады.  Ол он жеті жасар Даниил Поспелов еді, ол екінші кейіпкеріміз Әселмен бірге баланы жағаға аман есен алып шықты.

Уақытылы жеткен көмекке орай он бір жасар бала аман-есен, ата-анасының аты мен байланысын атады.

Күн сайын шомылу үшін тыйым салынған және жабдықталмаған жерлерде азаматтардың шомылуы, сондай – ақ су қоймаларына жақын жерде спирттік ішімдіктер ішу фактілері анықталды, ең бастысы-су қоймаларында ересектердің қарауынсыз жүрген балалар.

Суға шомылу маусымы әлі ашылған жоқ, бірақ елордада ресми түрде 3 жағдай тіркелген.

Нұр-Сұлтан қаласының  ТЖД барлық азаматтарға, әсіресе ата-аналарға балаларға су қоймаларында болу қаупі туралы түсіндіруді және оларды қараусыз қалдырмауды ұсынады. Рұқсат етілмеген жерлерде шомылмаңыз, себебі жоғарыда аталған барлық шаралар азаматтармен туындайтын қолайсыз жағдайларды болдырмау үшін қажет. Сіздің өміріңіз сіздің қолыңызда екенін есте сақтаңыз, судағы қауіпсіздік шараларын бұзбаңыз және тыйым салынған жерлерде шомылмаңыз.

 

Нұр-Сұлтан қ. ТЖД баспасөз қызметі