
7 наурыз Халықаралық әйелдер күнінің көктемгі мерекесі қарсаңында Астана қаласы ТЖ департаменті гарнизоны қызметкерлері мен азаматтық қорғау органдарының ардагерлерін құттықтады.
Елордалық ТЖ департаментінде көптеген әдемі әйелдер жұмыс істейді. Салтанатты жиын барысында Департамент бастығы генерал-майор Марат Күлдіков нәзік жанды аруларды құттықтап, ерекше көзге түскен қызметкерлерге марапаттар, алғыс хаттар табыс етті.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Ч.С. Ариновтың бұйрығымен он бір қызметкер және Астана ТЖД бастығы М.М. Күлдіковтың бұйрығымен елордалық ТЖД жеті қызметкері марапатталды.
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі