
Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары, ағымдағы жылдың 8-9 ақпанда аралығында "Көктем-2024" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтеді, жаттығу шеңберінде 8 ақпанда сағат 12:55-те электр сиреналарын, сиреналық-сөйлеу құрылғыларын іске қосып, теле-радио хабарларын таратуды тоқтата отырып, Астана қаласын құлақтандыру жүйесін тексеру жүргізіледі.
Естеріңізге сала кетсек, төтенше жағдай орын алған кезде халықтың назарын аудару үшін электродабылдар немесе басқа да дабыл құралдары қосылады, ол «Баршаңыздың назарына!» біріңғай құлақтандыру дабылын білдіреді. Бұл дабылды естіген кезде тұрғындар орын алған жағдайда әрекет ету туралы нұсқаулар мен ақпарат алу үшін міндетті түрде қолжетімді ақпарат қабылдау құралдарын (теледидарлар,радиолар және т.б.) қосулары керек.
Қымбатты қала тұрғындары мен қонақтары, Астана қаласы ТЖ департаменті қала тұрғындарын сабырлық сақтауды, үрейленбеулеріңізді сұрайды.
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі