Елордалық өрт сөндірушілер 7 адамды құтқарды

Елордалық өрт сөндірушілер 7 адамды құтқарды

9 қаңтарда сағат 09-58-де Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Қабанбай батыр даңғылы, 59 мекенжайындағы пәтердегі өрт туралы келіп түскен хабарлама бойынша шықты.
Өрт сөндірушілер келгеннен кейін "Будапешт" тұрғын үй кешенінің 10 қабатындағы пәтерде ас үй бөлмесінде жиһаз бен үй заттары жанғаны анықталды.
Өртті сөндіру барысында елордалық өрт сөндірушілер көрші пәтерден 7 адамды, оның ішінде 3 баланы құтқарды. Өрт сағат 10.32-де оқшауланып, сағат 10.35-те жойылды.
Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 28 адамы және 7 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Өрт сөндіру бөлімшелері өрт орнына келген кезде өрт сөндіру техникасы үшін жол жүру  жеке автокөліктердің тұрақталуымен қиынға соқты.
Осыған байланысты, құрметті автокөлік иелеріне Астана қаласының ТЖД автокөліктерді кірме жолдарда қалдырмауға, тұрақ немесе тұрақ үшін орын таңдауды, арнайы техниканың өтуі үшін бос орын қалдыруды ұмытпаулы ескертеді, өйткені тұрақта тұрған автокөлік өрт болған жағдайда арнайы техниканың өтуіне және жұмысына кедергі келтіреді. Есіңізде болсын, әр секунд, минут біреудің өмірін сақтап, мүлкін сақтауға мүмкіндік береді.