Салтанатты іс-шара барысында ТЖД бастығы генерал-майор Марат Күлдіков ерекше көзге түскен қызметкерлерге ведомстволық наградалар табыс етті. Осылайша, қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені және Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты Өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі А.Ботабаевқа, №14 ӨСБ бастығының орынбасары Д. Жылқайдаровқа, "азаматтық қорғау майоры" ТЖД бас маманы Ж. Балғазаровқа "азаматтық қорғау подполковнигі" арнайы атағы берілді. ТЖМ Құрмет грамотасымен №14 ӨБ бөлімшесінің командирі Р. Мусин марапатталды.ТЖМ грамотасымен Сарыарқа ауданы ТЖБ аға инженері Д. Хайруллина, Азаматтық қорғау басқарма офицері А. Балташев және №23 ӨСБ бөлімшесінің командирі Д. Малғождаров сондай-ақ бірқатар қызметкерлерге ҚР ТЖМ және Департамент бастығының алғыс хаттары табыс етілді.
Сондай-ақ, салтанатты шара барысында Марат Күлдіков ағымдағы жылдың 27 қарашасында Ақбұлақ өзенінде болған оқиғадан жасөспірімнің өмірін сақтап қалған батырларды марапаттады. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор С.Шәріпхановтың бұйрығымен адам өмірін құтқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалімен Едресов Мереке, Ахметбеков Жарас және Нұрмұхан Равиль марапатталды.
1991 жылғы 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заң қабылданды. Қазақстан тәуелсіз мемлекеттің заңды ресімделген мәртебесіне ие болды. Бұл дәуірлік оқиға-көптеген ұрпақтардың орындалған ұмтылыстары мен үміттерінің нәтижесі.
Бұл күні ел азаматтары ата-бабаларымыз армандаған бостандық пен тәуелсіздікті таңдады. Біздің ұрпақ осы ішкі армандарды жүзеге асыру үшін үлкен құрметке ие болды.
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі