
Құтқарушылар, полицейлер, еріктілер "Жатақхана" Республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде елордада нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмайтын тұрғын үйлерге (жатақханалар, уақытша бөлмелері, кәсіпкерлік қызмет) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған рейдтер жүргізуде.
Қала тұрғындарын өрт қауіпсіздігі талаптарымен таныстыратын құтқарушылар өрт кезінде өздерін және мүлкін қалай қорғау керектігі туралы хабардар етеді, ал полиция қызметкерлері заңнама мен қоғамдық тәртіптің сақталуын тексереді.
ТЖД, ПД қызметкерлері жатақхана ретінде пайдаланылатын 257 үйді аулалық аралау жүргізіді, аралау нәтижесінде 576 әкімшілік бұзушылық анықталды, олар бойынша шаралар қабылданды, оның ішінде ӘҚБтК-нің 493-бабы бойынша 83 тұрғын үй иесіне қатысты шара қолданды.
Құрметті қала тұрғындары өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар