
Ағымдағы жылдың 21 қарашасында елордалық өрт сөндіру қызметінің жеке құрамымен сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу және қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша дөңгелек үстел өтті.
Шақырылған қонақтар-Қазақстан Республикасы Агенттігінің департаменті Превенция басқармасының бас маманы
Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Әйгерім Аңсағанова
"Әділдік жолы" республикалық қоғамдық бірлестігінің Астана қаласы бойынша филиалының басшысы Дархан Құлжамбеков қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті түсіндірді.
Кездесу қорытындысы бойынша қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді. Аталған іс-шараларды өткізу тәрбие жұмысын нығайтады және жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға әсер етеді.