Әлем – балалар көзімен: елордалық ТЖД балалар арасында сурет байқауын өткізді

Әлем – балалар көзімен: елордалық ТЖД балалар арасында сурет байқауын өткізді

Балаларды қорғау күні аясында елордалық ТЖД қызметкерлерінің балалары арасында сурет байқауын өткізді.
Сурет байқауы төрт номинация бойынша жүргізілді. Олар: «Әлем – балалар көзімен», «Менің балалық шағым», «Құтқарушы мамандығы» және «Менің Отаным – Қазақстан».
Байқаудың нәтижесі бойынша, «Әлем – балалар көзімен» номинациясының жеңімпаздары болып Қасым Нұрай, Тесля Алиса, Қошан Әкежан марапатталып, оларға арнайы сыйлықтар табысталды.
«Құтқарушы мамандығы» номинациясында 5-6-7 жас аралығында Әбдімүтәліп Дария, 8-9-10 жас аралығында Салимбетова Нармина, ал 11-12-13 жас аралығында Төлеген Айжан жеңімпаз атанды.
«Менің балалық шағым» атты номинациямен Әбүйір Медина, Байжуманова Алуа, Аянқызы Аяулым арнайы сертификатпен марапатталды.
«Менің Отаным – Қазақстан» атты номинация жеңімпаздары болып Абушахман Амина, Қабылқақ Нұрасыл және Хамитова Жұлдыз танылды.

                                                                                                             Астана қ. ТЖД баспасөз қызметі