
Елордалық ТЖД " Құтқарушы" спорткешенінде өтіп жатқан өрт сөндіру құтқару спорты бойынша чемпионаттың бірінші күні ерлер, әйелдер және жасөспірімдер арасында оқу мұнарасының 4 және 2 қабатына шабуыл сатысымен көтерілу нормативінен өтті. Бірінші күнін қорытындысы былайша жайғасты:
Ерлер арасындағы шабуыл сатысымен көтерілу бойынша жалпыкомандалық есепте:
1 орын - Астана қаласы ТЖД командасы; 2 орын-Атырау облысы ТЖД командасы; 3 орын - Шығыс Қазақстан облысының ТЖД командасы
Жеке біріншілікте: 1 орын-Снегирев Дмитрий, Астана қаласы ТЖД; 2 орын - Қайсарбеков Жасұлан, Атырау облысы ТЖД; 3 орын - Дубаев Арнар, Астана қаласы ТЖД.
Әйелдер арасында шабуыл сатысымен көтерілу бойынша жалпыкомандалық есепте: 1 орын- Астана қаласы ТЖД, 2 орын - Алматы қаласы ТЖД, 3 орын - Түркістан облысы ТЖД командалары жеңіске жетті. Сондай-ақ жеке біріншілікте: 1 орын - Хорошева Анастасия Ақмола облысы ТЖД; 2 орын - Тұрсын Айдана Түркістан облысы ТЖД, 3 орын - Сыромяжко Юлия Астана қаласы ТЖД иеленді.
Жасөспірімдер арасында жалпыкомандалық есепте: 1 орын - Шығыс Қазақстан облысының ТЖД, 2 орын- Батыс Қазақстан облысының ТЖД, 3 орын - Ақтөбе облысы ТЖД жасөспірімдер командасы ие болды.