Мерейтойыңызбен құттықтаймыз!

Мерейтойыңызбен құттықтаймыз!

Бүгін 75 жылдық мерейтойын Рахимова Рахия Какимовна және 65 жылдық мерейтойын Осадчий Виктор Викторович атап өтті. Мерейтой иегерлерін ТЖД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қанат Аденов пен Аса маңызды объектілерін күзету жөніндегі жасақ бастығының орынбасары Ержан Таласбаев құттықтады:

 - "Астанада осындай керемет адамдардың өмір сүріп жатқаны қуантады. Біздің зейнеткерлер-біздің мақтанышымыз. Олар біздің көмегімізді қаншалықты сезінсе, соғұрлым жақсы сезінеді".

Рахимова Рахия Кәкімқызы 1948жылы 20 қаңтарда Целиноград облысы Астрахан ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. 1963жылы 8 сыныпты бітіріп, Целиноград медициналық училищесіне оқуға түсті. 1981ж. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына өрт қауіпсіздігі профилактикасының кіші инспекторы қызметіне кіріп, қызметін КҚПО диспетчері ретінде жалғастырды. Өртке қарсы қызметте 20 жылдан астам жұмыс істеді. 2001жылы ол зейнетке демалысқа кетті.

Виктор Викторович Осадчий 1986 жылы орталық ауылшаруашылық институтын бітірді. 1982 жылы наурызда 85-МӨСБ өрт сөндірушілеріне қызметке орналасты. 1986жылы ИПЛ инженері болып тағайындалды, бұдан әрі 84-МӨСБ жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығының инспекторы, ҚБТҚ аға көмекшісі, азаматтық қорғаныстың бас маманы, бастықтың орынбасары болып жұмыс істеді. Соңғы атқарған лауазымы 4-ӨСБ бастығы.